• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:20:14
Алматы
+35°

17 Тамыз, 2017 NEWS

Малайзиядағы қытайлар ислам дінін қабылдап жатыр

Малайзияда жаңа мұсылман болғандардың оқиғалары көбінесе этникалық мұсылмандар үшін танымды болып келеді

Малайзияда жаңа мұсылман болғандардың оқиғалары көбінесе этникалық мұсылмандар үшін танымды болып келеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚМДБ ресми сайтына сілтеме жасап.

«Алғашқыда Исламды қабылдайтынымды білген менің қытай достарым біраз абыржып қалды. Исламды қабылдаған соң, мен өзгеріп, олармен араласпай қояды деп санаған екен олар», - деп шыққан тегі қытай, ал өзі жаңадан мұсылман болған Саралин Абдулла ағынан жарылды.

Саралин 24 жасында Құранға және оның терең мағынасына, әсіресе пайғамбарлар мен оларға берілген сынақтар туралы оқи отыра  сүйіспеншілігі оянып, шын жүрегімен Алланың бір екенін білдіретін  шәһәдә айтқан.

«Әлдекім Исламды қабылдаған уақытында, адамдар оның ұлты малайзиялық болады деп ойлайды. Менің достарым да мені малайзиялық болып, Малайзия мәдениетін ұстанатын болады деп ойлап, абыржып қалған ғой».

Селангордің өзінде жылына 3 200 адам Исламды қабылдайды. Бұл адамдардың осы дінге келулерінің себебі әртүрлі, бірақ олардың бәрі дінге кірген соң өз есімдерін өзгертіп жатады. Малайзиядағы қытайлық мұсылмандар қауымдастығы президенті профессор Тауфик Яп Юн Хиннің айтуынша, есімді өзгерту кең тараған стереотип.

 – «Қытай есімдерінің басым көпшілігінің өзіндік жақсы мағыналары бар. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кезінде мұндай болмаған еді  – адам дінді қабылдағанда оған есімін өзгертудің қажеті болмаған, тек есімнің мағынасы нашар болғанда ғана, есім өзгертілетін болған».

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір