• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:44:38
Алматы
+35°

14 Сәуір, 2018 NEWS

Макс Боқаевтың түрмедегі жағдайы қандай?

Қоғамдық бақылау комиссиясының (ҚБК) Павлодар облысындағы төрағасы Наталья Ковлягина 13 сәуірде Азаттыққа ол комиссияның 12 мүшесімен...

Қоғамдық бақылау комиссиясының (ҚБК) Павлодар облысындағы төрағасы Наталья Ковлягина 13 сәуірде ол комиссияның 12 мүшесімен бірге Павлодардағы Республикалық орталық соматикалық ауруханада (Павлодардағы АП-162/2 мекемесі, түрме санитарлық қалашығы) жатқан белсенді Макс Боқаевқа барған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сілтеме жасап. Боқаев бұл жерге бір күн бұрын Петропавлдан болжам бойынша қойылған «омыртқа жарығы» диагнозынан емделуге этаппен жеткізілген.

Қазір Макс Боқаев өзінің денсаулық жағдайын қалыпты деп бағалайды. Құқық қорғаушы Ковлягиннің айтуынша, аяғы әлі ұйитын, бірақ бұрынғыдай қатты ауырмайтындықтан өздігінен жүре алады. Кеше Боқаевты хирург қарап, операция жасайтындай себеп таппаған. Хирург Боқаевқа түрлі диагностикадан өтуді тапсырған, түпкілікті қорытынды кейінірек шықпақ.

«Макс Боқаев қылмыстық-атқару жүйесінің ішінде жүріп өзге сотталушыларға кеңес немесе көмек беріп, құқық қорғау қызметімен айналысып жатыр. Ол көмекке мұқтаж болғандардың ешқайсысын назардан тыс қалдырмайды. Бұған бүгін мекемеге барғанда көз жеткіздік»,  деді Наталья Ковлягина.

Макс Боқаевтың қарындасы Жанаргүл Боқаева Азаттыққа ағасының этаппен Павлодарға жеткізілгенінен хабардар екенін, бірақ әзірге жеке сөйлесе алмағанын айтты. Ол мүмкіндік болса, Павлодарға ағасына барып қайтатынын айтады.

Қарындасының сөзінше, Макс Боқаевтың омыртқасында жарық бар және өзге де бірқатар сырқаты бар. Ол күн суытқанда және денсаулыққа жайсыз өзге де жағдайларда омыртқасы қатты сырқырап ауыратынын айтқан. Қарындасының сөзіне қарағанда, климаты қытымыр Солтүстік Қазақстанның биыл қыстағы қатты аязында Макс Боқаев өзге тұтқындар сияқты оны да таңғы жаттығуға шығарған кезде омыртқасына суық тигізіп алған. Ол әлгі «процедуралардан» бас тартқан, бірақ сол үшін бірнеше мәрте жазаға тартылып, бұрын айып камерасы (ШИЗО) деп аталған тәртіптік оқшаулау камерасы (ДИЗО) - карцерде ұзақ уақыт отырған. Қарындасының сөзінше, соның салдарынан биыл қыста Макс Боқаевтың омыртқасының сырқырауы көпке дейін басылмаған.

Атыраулық азаматтық белсенділер, «жер митингісіне» қатысқан Макс Боқаев пен Талғат Аянды 2016 жылғы қарашада сот атыраулық белсенділер «әлеуметтік араздық тудырды», «жалған ақпарат таратты» және «митинг өткізу заңдарын бұзды» деп танып, бес жылға бас бостандықтарынан айыруға үкім еткен. Екі белсенді де өздеріне тағылған айыптың саяси астары бар деп мәлімдеп, оны мойындаудан бас тартқан. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігін түрмедегі белсенділерді босатуға талай мәрте шақырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір