• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:36:57
Алматы
+35°

28 Тамыз, 2018 Әлем

Маккейн америкалықтарға қоштасу хатын жазған: Тарихты АҚШ жасайды

Сенатордың сөзінше, АҚШ талай адамды кедейшіліктен, зорлық зомбылықтан құтқарды, еркін етті, азат етті.

25 тамызда қатерлі ісіктен көз жұмған АҚШ сенаторы Джон Маккейн америкалықтар үшін қоштасу хатын жазып қалдырыпты.

«Патриотизм ұғымын әлемнің әр бұрышында зорлық пен қатыгездік, ренішке әкеп соғатын бәсекелестік ұғымымен шатастырып алсақ, ұлылығымыздың құны көк тиын. Арман-мақсаттарымыздан күдіктеніп, олардың орындалуына өзіміз кедергі жасап, бәсекелестік деген түсініктен арылмайынша патриоттығымыз осалдай бермек», - делінген хатында.

Сонымен қатар, Маккейн әскер мен саясаттың арқасында елге бірнеше жылдар бойы қызмет ету бақыты бұйырғаны үшін америкалықтарға зор алғысын білдірді. Ол америкалықтарды мемлекеттің басына төнген қиындықтар үшін мойымауға әрі АҚШ-тың болашағына сенуге шақырды.

«Мен еліме абыроймен қызмет етуге тырыстым. Иә, қателіктер болды, бірақ Америкаға деген махаббатым ол қателіктердің ұшын да көрсетпейді деп үміттенемін», - деп жазды саясаткер өзінің хатында.

Сенатордың сөзінше, АҚШ талай адамды кедейшіліктен, зорлық зомбылықтан құтқарды, еркін етті, азат етті. «Америкалықтар ешқашан кетпейді. Біз берілмейміз, тарихтан қашпаймыз. Біз тарихты жасаймыз, оны билейміз. Қош болыңдар, америкалықтар, сендерге, Америкаға құдай жар болсын», - деп жазып кетіпті Маккейн.

Еске сала кетейік, АҚШ сенаторы Аризона Джон Маккейн 81 жасқа келгенде бақилық болды. Соңғы жылдары саясаткер қатерлі ісік дертіне шалдығып, ем алып жүрген еді. Алайда асқынған дерттен айықпасын білген Маккейн химиялық емдеуден бас тартып, ажалын өзі қарсы алды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір