Мағжанның «Түркістанында» неге  Қожа Ахмет Яссауи жоқ?

Мағжанның «Түркістанында» неге  Қожа Ахмет Яссауи жоқ?
Ⓒqamshy.kz

Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың 1923 жылы жазылған атақты «Түркістан» өлеңі Алаш баласының бәріне мәлім десек артық айтпаймыз. Бұл ғажап өлең Мағжанның Шығыстық өлеңдерінің шыңы, Тұрандық өлеңдерінің туы! Дәл осы өлеңі Мағжанды «түрікшілдікпен айыптатып, пан-түркизмді жырлаушы» деп жауларының қолына сойыл-шоқпар ұстатқан туындысы.

Мағжанның «Түркістаны»  нағыз тұраншылдық пен түрікшілдіктің асқан үлгісі, ақынша айтсақ, күн астында көк түріктен асқан халық жоқ. Жерін, суын, құмын, елін, желін, шөлін, көлін, тауын, өзен-бұлағын  асқақтата жырлайды. Нағыз отаншыл өлең осындай-ақ болсын!  Ақын осы өлеңінде Тұраннан шыққан түркі халқына ортақ тарихи қайраткерлерді көкке көтереді. Санайықшы: Афрасияб,  Кей-Қысырау, Зұлқарнайын, әл-Фараби, Ибн-Сина, Шыңғыс хан, Жошы, Шағатай, Төле, Үкітай, Сұпытай, Жебе, Тарағай, Ақсақ Темір, Ұлықбек, Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан, Абылай хан, Кене хан.  Былайша айтқанда, кім жоқ дейсіз? Бірақ... Мағжанның «Түркістанында» неге  Қожа Ахмет жоқ? Отаншылдығы оттай жылытатын, көркемдігігі  келісті осы өлеңдегі  аталған тарихи тұлғалардың ішіне ұлы ақын Арыстан Баб пен Қожа Ахметті кіргізбеген.  Неге? Не себепті? Өлеңнің аты Түркістан болса, түркі мәдениеті мен тарихында ерекше орны бар Қожа Ахметсіз Түркістан  –  Түркістан бола ма?! Ұлы ақын, сопылық поэзияның түркілік тармағының негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер Әзірет Сұлтанға Мағжан өлеңінен  орын табылмауына не себеп? Ойландыратын-ақ мәселе.

         Әлде, Қожа Ахметтің түрікшілдікке қатысы жоқ па? Қатысы болғанда қандай! Қожа Ахмет –  тұраншылдыққа, түрікшілдікке тікелей қатысы бар адам. Сопылық тарихаттың  алғаш түркілік бұтағын қалыптастырған және шығармаларын тұңғыш  рет түрік тілінде жазған ойшыл. Қожа Ахмет Яссауи XII ғасырдың басында өзінің алғашқы шәкірттерін түрік әлемінің түрлі қиырларына аттандырады. Қызынан туған өзінің жиенін Ахмет Сопыны  – Қайалыққа, Хәкім ата Сүлеймен Бақырғаниды Үргеніш қаласына жібереді. Ахмет Яссауидің сыбайластары мен шәкірттері: Хәкім ата және Саид Ата өз шейхтарының рухани әдісін Сырдария мен Жайық бассейндеріне, Хорезмде және тіпті Шығыс Түркістанға таратты. Яссауи ілімінің таралу процесі Орталық Азияның далалық аудандарын исламдандырумен қатар жүреді. Қожа Ахмет Яссауи өмір сүрген кезде оның шәкірттерінің арасында 12 мың таңдаулы және 99 мың қарапайым халықтан шыққандар болған деседі. Оның Яссы қаласында 40 ханака-шіллеханасы ( сопылық үшкіруге оқытатын 40 күндізгі курстардан өтуге арналған арнайы оқу орны) болыпты, онда түрік әлемінің әр түкпірінен келген көптеген зерттеушілер оқыған. Түркия түріктері кезінде Константинополь (Стамбул) қаласын жаулап алғандар  осы Қожа Ахметтің Кіші Азияға аттандырған шәкірттері болғанын мақтан тұтады.  Ендеше Қожа Ахмет Яссауи – Мағжанның ең басты кейіпкері болатындай-ақ адам емес пе!

..."Мағжанның атылуына осы "Түркістан" өлеңінің үлкен қатысы болған" дейді зерттеушілер. Әлде... әулие рухы ақынға  ренжіді ме екен?..

  Төреғали ТӘШЕНОВ

 

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 1 ай бұрын

    Қожа Ахмед Йассауи Шам шәрінде қайтыс болып,мүрдесі Бибарыс сұлтан мешітіне қойылған.Қожа Ахмедке кесене соқтырған Әмір Темір ұлы әмірші - Шыңғыс қағанға белгі қойдым деп кеткен.

    1
    Мақпал Мыса. Жүрек түбіндегі жаңғырық (сұхбат)
    17/02 16:59 0 144
    2
    HEALTH EXPO-2019» көрмесі: Медицина саласындағы мүмкіндіктер жүзеге асады
    16/02 23:20 0 150
    3
    Сексен төрттегі тарихи жеңіс!
    16/02 14:08 0 1861
    Әбу Наср әл-Фарабидің «Қайырымды қаласы» дұрыс зерттелді ме?
    16/02 13:42 0 360
    Адамдық мінбеден түсіп қап, Әйтеуір биіктеп барамыз
    16/02 10:42 1 411

    Таныстырылғандар

    Қара халықтың да көшесінде той болар...
    Қара халықтың да көшесінде той болар...
    Қара халықтың да көшесінде той болар...
    Құрбан болмау үшін құрбандық шаламыз ба, қайтеміз?
    Аудио тыңдау
    08/02/2019 15:13 0 1399
    "Шылқып баюымыз, былқып тоюымыз керек..."
    "Шылқып баюымыз, былқып тоюымыз керек..."
    "Шылқып баюымыз, былқып тоюымыз керек..."
    Кедейшілікке қарсы майдан ашып, кірістік жеуге ашық...
    Аудио тыңдау
    09/02/2019 12:23 0 1258
    Мәңгілік мұзарт шыңның мұзбалағы
    Мәңгілік мұзарт шыңның мұзбалағы
    Мәңгілік мұзарт шыңның мұзбалағы
    Бүгін Мұқағалидың туған күні
    Аудио тыңдау
    09/02/2019 21:43 0 674
    Мұқағали: "Біз бәріміз — артиспіз, тіпті ұсақ-түйек те де..."
    Мұқағали: "Біз бәріміз — артиспіз, тіпті ұсақ-түйек те де..."
    Мұқағали: "Біз бәріміз — артиспіз, тіпті ұсақ-түйек те де..."
    Мұқағали атамызға жыр арнаған, ән арнаған, суретін салып, мүсінін қашаған қазақ кем де кем...
    Аудио тыңдау
    09/02/2019 22:13 0 673
    "Алмас, сен Мұқағали Мақатаевты тағы да бір қырынан таныта түстің!"
    "Алмас, сен Мұқағали Мақатаевты тағы да бір қырынан таныта түстің!"
    "Алмас, сен Мұқағали Мақатаевты тағы да бір қырынан таныта түстің!"
    Астана Суретшілер одағы Қазмедия орталығымен бірлесіп Мұқағалидың туған күніне арнап көрме ұйымдастырды.
    Аудио тыңдау
    10/02/2019 00:07 0 612
    Қаза тапқан актрисаның анасы: Менің балапанымды басып өлтірген адамға кешірім жоқ
    Қаза тапқан актрисаның анасы: Менің балапанымды басып өлтірген адамға кешірім жоқ
    Қаза тапқан актрисаның анасы: Менің балапанымды басып өлтірген адамға кешірім жоқ
    33 жастағы күдікті ішімдік ішіп, көлік тізгіндеді деген айыппен толық келіспейді
    Аудио тыңдау
    13/02/2019 11:07 0 4569
    "Арақ ішкің келсе, атаңмен іш..."
    "Арақ ішкің келсе, атаңмен іш..."
    "Арақ ішкің келсе, атаңмен іш..."
    Қалдық біраз жаһанданып, Білеміз қазір жаһанды анық. Естен танып күлуді білеміз, Ашық-шашық жүруді білеміз.
    Аудио тыңдау
    13/02/2019 12:49 0 685
    Қадыр Мырза Әлидің қадірлі сөзі: "Біз бір-бірімізге өмір сүргізбей жүрміз"
    Қадыр Мырза Әлидің қадірлі сөзі: "Біз бір-бірімізге өмір сүргізбей жүрміз"
    Қадыр Мырза Әлидің қадірлі сөзі: "Біз бір-бірімізге өмір сүргізбей жүрміз"
    Өте көп оқығанның пайдасын, өте көп оқығаннан кейін барып түсінесің.
    Аудио тыңдау
    14/02/2019 11:04 0 560
    Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің салыну сыры: Үндістандық ұста қырық метр биіктен құлады
    Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің салыну сыры: Үндістандық ұста қырық метр биіктен құлады
    Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің салыну сыры: Үндістандық ұста қырық метр биіктен құлады
    Қазақ иделогиясы Йасауиден бастау алады
    Аудио тыңдау
    14/02/2019 13:09 0 10739
    "Бір бала меннен "Жұмақта тамақ көп пе? деп сұрады"
    "Бір бала меннен "Жұмақта тамақ көп пе? деп сұрады"
    "Бір бала меннен "Жұмақта тамақ көп пе? деп сұрады"
    Назгүл Кенжетайдың зерттеулері шетелде жоғары бағаланған.
    Аудио тыңдау
    14/02/2019 14:08 0 1093
    "Бұ қазақта ес жоқ,  ертең өлген соң, мені де «әулие» дейді..."
    "Бұ қазақта ес жоқ, ертең өлген соң, мені де «әулие» дейді..."
    "Бұ қазақта ес жоқ, ертең өлген соң, мені де «әулие» дейді..."
    Дарынды драматург Рахымжан Отарбаевтың өмірден озғанына биыл бір жыл толады
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 10:09 0 2231
    Елбасының көңілін босатқан қандай өлең?
    Елбасының көңілін босатқан қандай өлең?
    Елбасының көңілін босатқан қандай өлең?
    Елбасы көзіне жас алды
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 11:26 0 1015
    Сағадиев мектеп директорларына «жұмыстан босатамын» деп ескерту жасады
    Сағадиев мектеп директорларына «жұмыстан босатамын» деп ескерту жасады
    Сағадиев мектеп директорларына «жұмыстан босатамын» деп ескерту жасады
    ЮНИСЕФ-тің мәліметіне сәйкес, 62 пайызға жуық қазақстандық оқушылар түрлі қысымға тап болады екен
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 15:46 0 2259
    Алматыдағы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасында көпбалалы аналармен кездесу өтті
    Алматыдағы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасында көпбалалы аналармен кездесу өтті
    Алматыдағы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасында көпбалалы аналармен кездесу өтті
    Басқосуда көпбалалы аналардың мәселелерін шешу жайы талқыланды
    15/02/2019 19:14 0 116
    Адамдық мінбеден түсіп қап, Әйтеуір  биіктеп барамыз
    Адамдық мінбеден түсіп қап, Әйтеуір биіктеп барамыз
    Адамдық мінбеден түсіп қап, Әйтеуір биіктеп барамыз
    Адамдық мінбеден түсіп қап, Әйтеуір биіктеп барамыз...
    Аудио тыңдау
    16/02/2019 10:42 1 411