• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:39:00
Алматы
+35°

06 Наурыз, 2018 NEWS

Мәдениет министрінің ұсынысына қоғам қайраткерлері пікір білдірді

ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Наурыз мейрамын жаңа үлгіде тойлау жөнінде «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат берген болатын.

ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Наурыз мейрамын жаңа үлгіде тойлау жөнінде «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат берген болатын. Министр Наурызға қажет іргелі ізденістерге тоқталып, өткізілуге тиіс тарихи әрі заманауи шараларды бірнеше тармаққа бөліп көрсеткен еді. Бұл ұсынысқа еліміздегі қоғам қайраткерлері үн қосып жатыр.

Ермахан Ыбырайымұлы, Бокстан Олимпиадалық даярлау Орталығының директоры:

- Наурыз мерекесі қазақ халқы үшін өте киелі саналады. Табиғаттың тіріліп, жаңа жылдың басталатын уақыты. Наурыз мерекесі елімізде кең көлемде аталып өтіледі. Кеңес Одағы кезінде ұмытыла бастаған мейрамымызды Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы жандандырды. Осы орайда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Наурыз мейрамына қатысты жақында ғана Егемен Қазақстан газетіне берген мақаласындағы айтқан пікіріне толықтай қосыламын. Министр Наурызды тойлауды наурыз айының басынан бастау керек деген жақсы ой тастады. Оны Алматы қаласы қолдап әкетті. Осылайша, басқа да өңірлерге кезек беріледі. Сонымен қатар, наурызды жергілікті жердің мейрамы ретіндегі позициясын кеңейту қажет деген ойы да маған ұнады. Бұл біріншіден, түркі әлеміне ортақ мейрамды бір атаның балаларындай тойлау болса, екіншіден, елімізді Батыс әлеміне басқа қырымыздан таныту. Наурыз мейрамын ұмытпай, оны Тәуелсіздік күнінен кейінгі тағы бір басты мереке ету қажет секілді.

Нұржан Жанпейісов, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының ұстазы:

- Бауырсақ, наурыз көже мен палауды тегін тарату керек. Соңғы жылдары ол жұрттың бизнесіне айналып кетті. Балаларға барынша, бірнеше жерден өнерлерін көрсетуге мүмкіндік жасау керек. Бір алаңның өзінде бірнеше жерден ұйымдастырып жəне оларға жеңіл-желпі сыйлықтар беруген дұрыс. Қымбат қажет емес, биыл қымбат берсең ендігі, оның арғы жылы да солай істеуге тура келеді. Сондықтан арзан жəне бəріне жететіндей болғаны жөн. Сонда балалар қызыға түседі. Орыстар, тб өзге ұлт өкілдері де бару ынталану үшін барлық адамға қызықты əрі пайдалы, үйренетін жəне олжалы қайтатындай өткізген абзал. Бразилия, т.б. елдердің карнавалы сияқты көшеден сырнайлатып-кернейлетіп, көңілді музыкамен қарап тұрған адамдардың өзі билеп, қосылып ере кететіндей шеру өткені де жақсы болар еді, үйде отырған адамның өзі естіп дүр сілкінетіндей. Жеке адамдар қолөнер бұйымдарын алып шығып сатып жатса игі болар еді. Бұл үрдіс жастарға да, үлкендерге де кез келген көшеде отырып тыныстауына жəне сонымен қатар наурыз мерекесін көріп, сезіп отыруға қол жетімді мүмкіндік туғызылса нұр үстіне нұр болар еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір