• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 22:41:33
Алматы
+35°

17 Маусым, 2017 Кәсіпкер

Лондондағы өртенген үйде өлім алдындағы әйелдің сөздерді жүректерді елжіретті (ВИДЕО)

Лондон қаласындағы әлемді шулатқан 24 қабатты Гренфелл зәулім үйіндегі өрттің "қызуы" әлі басылар емес. Толық жанып кеткен үйдегі өлім алдында...

Лондон қаласындағы әлемді шулатқан 24 қабатты Гренфелл зәулім үйіндегі өрттің "қызуы" әлі басылар емес. Толық жанып кеткен үйдегі өлім алдында Facebook әлеуметтік желісіне Live видеосын жүктеген мұсылман әйелдің сөзі ешкімді бей-жай қалдырмады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі Islam.kz сайтына сілтеме жасап.

Рания Ибрахим есімді 30 жастағы мұсылман әйел біреуі 3 жастағы, екіншісі 5 жастағы қыздарымен бірге болған. Күйеуі өрт шыққан күні Мысырда жүрген. Ол үй отқа оранғанда қыздарының басын қатерге тігіп, 24-ші қабаттан төмен түсуді жөн көрмеген. Өйткені, дәлізде оған түтіннің қаптап кеткенін, ең дұрысы есік-терезені қымтап жабудың қажеттілігін (түтін ішке кетпесі үшін) айқайлап айтқан дауысты естіген. Балаларын түтінгі тұншықтырып алудан қорыққан. Ол өрт пәтерге жеткенше сөндірілетініне үміт артқан. Өмірінің ақырына таяғанын сезді ме, тілін кәлимаға келтіріп, шаһадатты тағы бір мәрте қайталайды. Рания құрбысы мен діндес бауыры Язға видео-үндеу жариялап үлгереді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір