• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:23:53
+35°

19 Маусым, 2017 Саясат

Лондондағы болған оқиға жөнінде жаңа ақпарат шықты

The Sun газетінің мәліметінше, фургон жолдан шығып кетіп, Финсбери Парк мешітінен шығып келе жатқан бірнеше адамды қаққан. Мұндай ақпаратты Британияның...

The Sun газетінің мәліметінше, фургон жолдан шығып кетіп, Финсбери Парк мешітінен шығып келе жатқан бірнеше адамды қаққан. Мұндай ақпаратты Британияның Мұсылмандар ұйымы да растап отыр деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Evening Standard газеті куәгерлердің айтқанына сүйеніп, адамдарды қаққан ер адам көліктен пышақпен шығып адамдарды пышақтағанын жазады. Полицейлер ол ер адамды ұстаған.

«Мен жерде жатқан 4,5 адамды көрдім. Біреуі пышақпен жарақаттанған. Адамдар оны ұстап алды» дейді куәгерлердің бірі.

Ал Sky News телеарнасының хабарлауынша, адамдарды қаққан фургонда үш адам болған. Оның екеуі қашып кеткен, біреуін полиция ұстады.

Daily Mail хабарлауынша, болған оқиға салдарынан 10 адам зардап шекті. Адамдар өздері фургон жүргізушісін ұстап, полицияға берген.

 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір