• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:43:43
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2019 Әлем

Лондон мен Нью-Йорк қалалары жер бетінен жойылуы мүмкін. Неге?

Бұл үдеріс теңіз деңгейінің 62 сантиметрден 238 сантиметрге дейін көтерілу қаупін төндіреді.

АҚШ пен Ұлыбритания ғалымдары жаңадан зерттеу жасап, теңіз суы деңгейінің өте қарқынды көтеріліп келе жатқанын мәлімдеді. Олардың сөзіне сенсек, 2100 жылға қарай Лондон һәм Нью-Йорк секілді ірі шаһарлар су астында қалмақ деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC сайтына сілтеме жасап.  

Қазіргі уақыттағы ауада түрлі қалдықтардан, көліктерден, зауыттардан бөлінетін көмірқышқыл газы концентрациясының мөлшері өз деңгейінен асып кеткен. Ғалымдар соңғы 80 жылда бұл үдерістің ауа-райына қатты әсер еткені сонша, 5 градусқа жуық көрсеткіш өзгеріс жасауға әзер еткенін айтады.

Бұл үдеріс теңіз деңгейінің 62 сантиметрден 238 сантиметрге дейін көтерілуі үлкен  қауіп  төндіреді. 

Теңіз деңгейінің көтерілуі тек қалалардың суға батуымен ғана қорқынышты емес. Қазіргі уақыттың өзінде теңіз жағасына, ірі су ресурстарына жақын тұратын адамдар ауылын аулаққа салып, өте көлемді миграциялық көш орын алуда.

Еске сала кетейік, бұл Лондон мен Нью-Йорктің бірінші рет "су астына батуы" емес. Жақында Нью-Йорк қаласының мэрі өз шаһарларының 2050 жылы судың астында қалуы мүмкін екенін айтып, миллиондаған тұрғындардың үрейін арттырған.

Аударған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір