• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:29:21
Алматы
+35°

24 Сәуір, 2019 Саясат

Латвия орыс тілінен бас тартты. Неге?

Латвиядағы халық талабының негізгі уәжі – орыс тілі қолданыс аясы кең ана тілдерінің дамуына кедергі келтіреді деген уайым.

Латвияның Конституциялық соты орыс мектептеріндегі сабақтарды латыш тілінде өткізу бойынша қойылған талапты қанағаттандырды.

"Сот шешімі соңғы шешім болып саналады. Қабылданған қаулы оның жарияланған күнінен бастап күшіне енеді", - деп жариялады сот қазысы.

Білім және ғылым министрлігіне аталмыш мәселеге қатысты ұсынысты «Келісім» («Согласие») парламенттік фракциясының депутаттары жасаған. Тіл мәселесі бойынша ұсынысты талқылау үшін алғашқы отырыс ақпан айының соңында болған еді.

Латвиядағы халық талабының негізгі уәжі – орыс тілі қолданыс аясы кең ана тілдерінің дамуына кедергі келтіреді деген уайым.

Ал орыс тілді халықтың дау тудыру себебі – балаларының өз тілінде білім алуын талап етеді. Олар соттан заңды қайта қарауды сұрауда.

Білім беру ісіндегі біртілділікті толыққанды енгізу үстіміздегі жылдан басталып, 2021 жылдың 1-қыркүйегінде аяқталуы тиіс.

Латвияда 2 миллионға жуық адам өмір сүреді. Олардың 40 пайызы – орыс тілділер. Республикадағы мемлекеттік мәртебесі бар тіл – латыш тілі. Орыс тілі әртүрлі ұлттардың ортақ қарым-қатынас тілі болып саналады.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір