29 Сәуір, 2018 Оқиғалар
Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президентіне полигонды мамырда жабатынын айтты
21 сәуірде Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президентіне зымыран мен ядролық сынақты тоқтатуға уәде берген.
Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инға Пунгеридегі ядролық полигонды мамырда жабатынын айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Оның жабылуына АҚШ мамандарын шақырмақ. Бұған дейін Дональд Трамп КХДР президентімен кездесу жақын 3, 4 аптада өтетінін хабарлаған.
21 сәуірде Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президентіне зымыран мен ядролық сынақты тоқтатуға уәде берген.
2006 жылдан бері полигонда 6 сынақ өткізілді. Соңғысы 2017 жылы жасалды.
Пхенчханда өткен Олимпиададан кейін КХДР мен Оңтүстік Корея президентінің кездесуі мүмкін болды. Сарапшылар Олимпиададан кейін Солтүстік Кореяның АҚШ және Оңтүстік Кореямен қарым-қатынасы шиеленісе түседі деп болжаған.
Айта кетейік, КХДР ядролық сынақ өткізген. АҚШ президенті сынақ тоқтатылмаған жағдайда КХДР-ге қарсы әрекет ететінін ескерткен.
КХДР сағат уақытын Сеулмен теңестірмек. Қазір Пхеньян Сеулден жарты сағатқа артта.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір