• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:05:40
Алматы
+35°

29 Мамыр, 2018 NEWS

29 жастағы ер адам үйлену үшін алып қашқан қызды Қырғызстандағы полиция бөлімшесінде пышақтап өлтірген. Бұл туралы Шу облысы Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияға қыздың ұрланғаны туралы ақпарат 27 мамырда сағат 22:00-де  келіп түскен. Арада біраз уақыт өткен соң жол  қауіпсіздігін сақтау қызметкерлері Subaru Outback маркалы автокөлігін Шу облысындағы Сосновка ауылында тоқтатқан. Автокөлік рөлінде 29 жастағы Б.Д азаматы отырған. Көлікте тағы екі жолаушы: 30 жастағы С.А мен 20 жастағы қыз отырған. Барлығын арнайы  полиция қызметкерлері Шу облысының ІІО-ға жеткізген. 

Белгілі болғандай, 20 жастағы қалыңдық азаматтарды қабылдау бөлімшесінде отырғанда Б.М келіп есікті іштен бітеп алып, жанжал шығарған. Нәтижесінде ол қызды пышақтап, өзі де дене жарақатын алған. Екеуі де бірдей ауруханаға жеткізіліп, жас қыз жансақтау бөлімінде көз жұмған. Ал 29 жастағы күдікті әлі ауруханада екен.  Екінші жолаушы 30 жастағы С.А тергеуге алынды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір