"Күйеуінің сайлауға қатысуына қарсы болған" Елена Зеленская туралы не білеміз? (фото)

"Күйеуінің сайлауға қатысуына қарсы болған" Елена Зеленская туралы не білеміз? (фото)
Ⓒqamshy.kz collage

Владимир Зеленский Украина сайлауында жеңіске жетті. Енді алдағы 5 жылда елді Зеленский басқаратын болады.  Ал оның әйелі Елена бірінші леди атанды. Украинаның бірінші ледиі туралы не білеміз? Qamshy.kz ақпарат агенттігі Елена Зеленская туралы қызықты ақпараттарды оырман назарына ұсынады. 

Елена 1978 жылы 16 ақпанда дүниеге келген. Алғашында оның тегі Кияшко болған. Жас жұбайлар бір мектепте оқыпты. Дегенмен олар мектеп кезінде бір-бірімен мүлдем араласпаған. Мектеп бітіру кешінен кейін Зеленский көшеден Еленаны көріп, бірге фильм көруге шақырады. Бұл кезде Елена басқа бір жігітпен кездесіп, араласып жүрген еді. Бірақ ол Зеленскийді ұнатып, әлгі жігітпен ара қатынасын үзеді. Олар 8 жылға жуық азаматтық некеде тұрған.

Елена Зеленская

"Лена үнемі қашан үйленетініміз туралы сұрай беретін. Ал мен үйленген соң бірден бала-шағалы болатынымызды ойладым. Осы себеппен мен асығыстық танытқым келмеген", - деп еске алады Зеленский.

Елена Зеленская

Олар 2003 жылы отау құрады.  Қазір олар бір қыз бен бір ұлдың ата-анасы. 2004 жылы Александра есімді қыз дүниеге келсе, 2013 жылы Кирилл атты ұл өмірге келеді.

Украинаның президенті Еленаны жақын досы ретінде көреді. Тіпті олардың романтикалық кешкі асы да жиналыс секілді өтеді екен.

Елена Зеленскаяның негізгі мамандығы архитектор болса да ол өз мамандығы бойынша жұмыс істемеген. Зеленскиймен танысқан күннен бастап оның өмірі күрт өзгере бастады. Оның шығармашылық әлемге деген қызығушылығы артты. Зеленский КВН-ге қатысқан кезде де Елена күйеуінің командасына сценарий жазып жүрген.  Содан ол Зеленский басқарған "Квартал-95"  студиясында сценарий авторы болып қызмет атқарған. Зеленскийдәң көптеген образдары Елананың көмегі арқылы пайда болыпты. Қазір "Зелари Фиш" компаниясының аздаған акциясын иеленген.

Елена Зеленская

Бір қызығы, Елена күйеуінің президенттік сайлауға қатысуына қарсылық білдірген. Бірақ Зеленский нақты шешім қабылдап, ресми мәлімдеме жасаған күннен бастап Елена күйеуіне қолдау білдіріп, сайлауалды жұмыстарға қол ұшын созған. Әзірге бірінші ледидің саяси әлемде қандай қызмет атқаратыны белгісіз. Еленаның өзі журналистерге берген сұхбаттарында әзірге ешқандай жоспары жоқ екенін, тек күйеуіне кез келген жайтта қолдау білдіретінін айтқан.

Сондай-ақ Елена ән айтқанды жақсы көреді. Жасөспірім кезде ол ән байқауларына қатысып, актриса болуды армандаған. Украинаның бірінші ледиі көпшіліктің ортасында жүргенді аса ұнатпайтын көрінеді.

"Мен көпшіліктің назарында жүріп, рахат алатын адамдардың қатарынан емеспін", - дейді Елена.

Елена Зелеская

Жергілікті БАҚ өкілдері қазіргі таңда Елена Зеленскийдің киім-киісі мен хоббилері туралы жарыса жазуда. Елена қымбат киінгенді аса ұнатпайды екен. Ол биік өкшелі аяқ киімнен гөрі спорттық ыңғайлы аяқ киімді таңдайды. Қазіргі таңда Елена өзінің имиджін өзгертуге тырысып жатқаны байқалады.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Атырауда мемлекеттік рәміздер алаңы мен 91 метрлік тутұғыр салынуда
    20/05 15:01 0 35
    2
    Байбек қаланы қоғамдық көлікпен аралап жүр
    20/05 15:00 0 57
    3
    Жаңа емле ережелеріндегі кемшіліктер
    20/05 14:52 0 53
    Зеленский “кет” деді. Кетті!
    20/05 14:38 0 106
    Huawei смартфондарында Android операциялық жүйесінің жаңартулары тоқтатылады
    20/05 14:22 0 100

    Таныстырылғандар

    Сәдібек Түгел Щучинск қаласындағы кездесуде не айтты?
    Сәдібек Түгел Щучинск қаласындағы кездесуде не айтты?
    Сәдібек Түгел Щучинск қаласындағы кездесуде не айтты?
    Кандидаттың сенімді өкілі Талғат Омар Сәдібек Түгелдің қолына алған ісін әрқашан соңына дейін жеткізетін табандылығы туралы айтты.
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 01:18 0 388
    Теледебат. Кандидаттар қандай пікірде?
    Теледебат. Кандидаттар қандай пікірде?
    Теледебат. Кандидаттар қандай пікірде?
    кандидаттар арасындағы дебат таяуда тікелей эфирде өтуі мүмкін
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 12:53 0 542
    Баннер іліп, плакат көтергендер туралы депутаттар не айтты?
    Баннер іліп, плакат көтергендер туралы депутаттар не айтты?
    Баннер іліп, плакат көтергендер туралы депутаттар не айтты?
    Бір-бірінің ауызына түкіріп қойғандай "Мен ештеңе айта алмаймын" деп ақталды бәрі, түге.
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 13:14 0 956
    Зеленскийдің ұлықтау рәсімі қашан болады?
    Зеленскийдің ұлықтау рәсімі қашан болады?
    Зеленскийдің ұлықтау рәсімі қашан болады?
    Украинаның жаңадан сайланған президенті Владимир Зеленскийдің ұлықтау рәсімі 20-мамыр күні сағат 10:00-де парламент залында басталады
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 15:14 0 322
    Тоқаев Қытай шенеунігін қабылдады: Не айтты?
    Тоқаев Қытай шенеунігін қабылдады: Не айтты?
    Тоқаев Қытай шенеунігін қабылдады: Не айтты?
    ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Қазақстанға алғаш рет сапармен келгенін атап өтіп, біздің еліміздің жақсы әсер қалдырғанын айтты.
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 16:08 0 545
    Шри-Ланка қарызын қайтара алмай, Қытайға жерін берді
    Шри-Ланка қарызын қайтара алмай, Қытайға жерін берді
    Шри-Ланка қарызын қайтара алмай, Қытайға жерін берді
    Қытайға 1 млрд доллардан аса қарыз Шри-Ланка ақыры өз аумағындағы "Хамбантота" айлағын ҚХР иелігіне берді
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 23:52 1 10002
    Ангела Меркель саясаттан біржола кететінін мәлімдеді
    Ангела Меркель саясаттан біржола кететінін мәлімдеді
    Ангела Меркель саясаттан біржола кететінін мәлімдеді
    Ешқандай саяси лауазымды қызметтерді атқармайтынын айтты.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 10:10 0 566
    Ринат Заитов кімге қапалы?
    Ринат Заитов кімге қапалы?
    Ринат Заитов кімге қапалы?
    Ақын желідегі жазбасында өзінің дәл осындай саяси немесе әншілер туралы айтқан сөздері ғана жиі тарайтынына өкініш білдірген.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 15:05 1 5527
    Макс Боқаев: Халық билікке талабын орындатқыза алатынын көрсетті
    Макс Боқаев: Халық билікке талабын орындатқыза алатынын көрсетті
    Макс Боқаев: Халық билікке талабын орындатқыза алатынын көрсетті
    Ақтөбеде түрмеде отырған белсенді сұхбат беріп, қазіргі жағдайы, елдегі саяси өзгерістер туралы айтты.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 15:12 0 603
    Аты шулы атыраулық полицей аттан түсе ме?
    Аты шулы атыраулық полицей аттан түсе ме?
    Аты шулы атыраулық полицей аттан түсе ме?
    Аян Дүйсембаевты қызметтен босатуды сұрады
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 18:32 0 948
    Президенттікке үміткерлер сайлауалды бағдарламаларында нені ұмыт қалдырды?
    Президенттікке үміткерлер сайлауалды бағдарламаларында нені ұмыт қалдырды?
    Президенттікке үміткерлер сайлауалды бағдарламаларында нені ұмыт қалдырды?
    Мемлекетті басқаруды дәметіп отырған үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларында нені ұмыт қалдырды.
    Аудио тыңдау
    18/05/2019 02:12 0 659
    Абзал Құспан: Сайлау құжаттарын бұрмалау 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеледі
    Абзал Құспан: Сайлау құжаттарын бұрмалау 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеледі
    Абзал Құспан: Сайлау құжаттарын бұрмалау 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеледі
    Бұрын-соңды ешбір сайлауда ел халқы дәл бұлайша, білек сыбанып, белсенділік танытқан емес.
    Аудио тыңдау
    19/05/2019 14:01 0 1940
    "Қосановты дебатқа шақырамын" (видео)
    "Қосановты дебатқа шақырамын" (видео)
    "Қосановты дебатқа шақырамын" (видео)
    Сайлауға қатысып жатқан жеті кандидаттың алтауын "биліктің қолдан жасаған қуыршағына" теңеген.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 03:42 0 2497
    Зеленский бүгін ұлықталмақ
    Зеленский бүгін ұлықталмақ
    Зеленский бүгін ұлықталмақ
    Жаңа президенттік ұлықтау рәсімі сағат 10.00-де (Нұр-Султан уақытымен сағат 13.00) Парламент ғимаратында  басталуы тиіс.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 11:12 0 167
    Зеленский: Суретім  еш жерде ілінбеуі тиіс. Президент табынатын икона емес
    Зеленский: Суретім еш жерде ілінбеуі тиіс. Президент табынатын икона емес
    Зеленский: Суретім еш жерде ілінбеуі тиіс. Президент табынатын икона емес
    Киевте президент Владимир Зеленский өзінің ұлықтау рәсімінен кейін сөзінде Жоғары Раданы тарату туралы бұйрық берді
    20/05/2019 14:13 0 298