• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 23:15:44
+35°

25 Шілде, 2018 NEWS

Күйеуінен таяқ жеп үйінен қашып кеткен 19 жастағы келіншек табылды

Келіншек 24 шілдеде Шымкент қаласындағы сауда-орталықтарының бірінен табылған екен.

Түркістан облысы Созақ ауылында күйеуінен таяқ жеп қашып кеткен 19 жастағы келіншек табылды. Бұл туралы Түркістан облыстық ІІД хабарлады.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, келіншек 24 шілдеде Шымкент қаласындағы сауда-орталықтарының бірінен табылған екен.

19 жастағы Жансая күйеуімен болған ұрыс-керіс салдарынан Шымкент қаласына кетіп қалған. 24 шілдеде келіншек күйеуінің үстінен арыз түсірді. Арыз негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен хаттама толтырып, жәбірленушіге сараптама жүргізілетін болды.

Күні кеше журналист Гүлмира Әбіқай Созақ ауданында 19 жастағы келіншектің жоғалып кеткенін жазған еді. Деректерге сенсек, 7 ай бұрын көрші ауылдың баласы алып қашты. Екі айдан соң төркініне көкала қойдай боп аяғы сынып келді, үш айдан соң қолы шытынап тағы келді. Бұл жолы үшінші рет келгенде "келін болған жерден түңілдім" деп кесіп айтты. Алайда жеңгелері соңғы рет деп түнделетіп күйеуіне қайта қосты. Таңғы 6-да енесі мен күйеуі төсек сипап қалды. Жас келін белгісіз жаққа кеткен күйі жоқ. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір