• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:26:07
Алматы
+35°

25 Шілде, 2018 Айтты-ей, бауырың!

Күйеуі өлімші қылып сабағанға шыдамай үйден безген келіншекті кім көрді?

Күйеуі өлімші қылып сабап, таңғы 6-да үйден шығып кеткеніне бүгін төртінші күн.

Қыз алып қашуды ұлттық дəстүрге жатқызып, ақтайтындарды түсінбеймін. Ертеде қазақ көңілі сүйгенімен құда болып, айттырып, қалың беріп, қалың алып барып қыз берген, келін түсірген. Кейде малы көптер кедейдің қызын қалыңмалға матап, кішілікке алған. Сондайда ғана мосқал адамға қыздың тигісі келмегенде амалдың жоқтығынан жігіт пен қыз бірін бірі ұнатып тұрғанда барып алып қашқан. 
Бата бұзылудың айыбын ру болып көтеріп, араға билер билігі жүріп, үлкен дау болып басылған. Қыз алып қашу дəстүр емес, амалсыздықтан жасалған шара. 
Сондықтан жігіттер, қазақ қызының обалына қалып, көз жасын төкпей, дəстүр жанашыры ретінде жалғастырғыларың келсе аттастыруды жаңғыртып, зорлықпен басып алуды қойыңдар.
Желіде алып қашқан келіннің жоғалғанын оқыдым. Гүлмира Әбіқайдың фейсбук парақшасына кіріп көріңіздер, нанбасаңыздар. Ол мынандай жазба қалдырыпты:
"КЕЛІН ЖОҒАЛДЫ!!!!
Күйеуі өлімші қылып сабап, таңғы 6-да үйден шығып кеткеніне бүгін төртінші күн. Содан бері Жансаяны көрдім-білдім деген адам жоқ. Жасы 19-да. 7 ай бұрын көрші ауылдың баласы алып қашты. Екі айдан соң төркініне көкала қойдай боп аяғы сынып келді, үш айдан соң қолы шытынап тағы келді. Бұл жолы үшінші рет келгенде "келін болған жерден түңілдім" деп кесіп айтты. Шымкенттік жеңгелер қойсын ба, соңғы рет деп түнделетіп күйеуіне қайта қосты. Таңғы алтыда енесі, күйеуі бәрі төсек сипап қалды. Жас келін белгісіз жаққа кеткен күйі жоқ. Бүгін төртінші күн, оқиға Түркістан облысы, Созақ ауданында орын алды. Жансая дәл осы күйде үйден безіп шыққан, ақ жаулықты келіншекті кім көрді?"

Анар Төлеуханқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір