• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:53:20
Алматы
+35°

05 Наурыз, 2019 NEWS

Күләш Шамшидинова: Әр министр өз реформасын енгізбейді

Ведомство басшысы келесі жылы жаңа білім бағдарламасы қабылданатынын жеткізді

Күләш Шамшидинова келесі жылы жаңа білім бағдарламасы қабылданатынын мәлімдеді.

Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова мемлекеттің білім саласындағы саясатын одан әрі жалғастыратынын жеткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Біріншіден, әр министр өз реформасын енгізбейді. Жалпы мемлекетімізде білім саясатына қатысты қалыптасқан шаралар бар. Міне, біз осы шараларды енгіземіз. Бірақ, әр министр кейбір мәселелерде асығуы немесе кей мәселелерді тежеуі мүмкін, кейбір мәселелерді өз тұрғысынан қарауы мүмкін", - деді Шамшидинова үкімет кулуарында.

Ведомство басшысы келесі жылы жаңа білім бағдарламасы қабылданатынын жеткізді.

"Қазақстанның білім бағдарламасы биыл аяқталып, келесі жылға жаңа білім бағдарламасы қабылданады. Бірақ, жаңа білім бағдарламасы аясында үлкен күрделі өзгерістер туралы әңгіме айтылып отырған жоқ. Біз басталған шаруаны өз биігіне шығаруымыз керек", - деді министр.

Ал журналистердің "министрлік Сағадиевтің саясатын жалғастырады деп айта аламыз ба?" деген сұрағына:

"Біз Сағадиевтің саясатын емес, мемлекеттің білім саласындағы саясатын жалғастырамыз", - деп жауап берді.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір