• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:00:15
Алматы
+35°

24 Қыркүйек, 2018 Оқиғалар

Күдіктіні адым аштырмай құрықтады

Жан ұшыра шыққан жайсыз дауыс көше бойындағы кафелердің бірінен шыққан болатын.

Теміртау қаласындағы Ұлттық ұланның 5516 әскери бөлімінің аға лейтенанты Д.Бектібаев пен аға сержант К.Бердияров күндізгі 12:00-лер шамасында жол жиегінде келе жатып, көмек сұрап айғайлаған дауысты естиді.

Жан ұшыра шыққан жайсыз дауыс көше бойындағы кафелердің бірінен шыққан болатын. Шұғыл көмекке келген әскерилерге куәгерлер кісі өлімі орын алғанын айтып, күдікті қашып кеткен бағытты көрсетеді. Ұландық сарбаздар оқиға желісін саралай келіп, күдіктінің базарға қарай бет алғанын тез түсініп, соңына түседі. Аға  лейтенант Д.Бектібаев қашқынды қуып жетіп, жекпе-жек сайысының әдісін қолдана отырып, күдіктіні тырп еткізбей құрықтайды. Кейіннен кафе қызметкерлерінің шақыруымен Теміртау қалалық ІІБ тергеу тобының мамандары оқиға орнына келіп, тұтқын құзырлы орган өкілдеріне тапсырылды.

ұлан

ұлан

Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір