• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:10:17
Алматы
+35°

20 Шілде, 2018 NEWS

Күдікті Денис Тенді өлтіргісі келмегендігін айтты

Денис Тен - ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Күдіктілер көлік құралдарын ұрлаумен айналысқан. Олар көлік иесі кім екенін білмеген және ешкімді өлтіруді жоспарламағанын айтады. Бұл туралы заңгер Денис Кривошеев өзінің Facebook парақшасында жариялады. 

Денис Тен көлігінің жанында зиянкестер жүргенін байқап оларды тоқтатып, көлік айнасын қайтарып алуға тырысқан. Ұрылар шошып кеткен. Олардың бірінің қолында айнаны шешетін пышақ болған. Ұрылар Денистің аяғынан пышақ сұғып алған. Ондағы мақсаты арттарына қуа алмайтындай жасап, ізін суыту екен. Күдікті бір жерді нысанаға алмай, оңды, солды ұра берген. 

Заңгер полицейлер екінші күдіктінің ізіне түскенін айтады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты.

Денис Тен - ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір