• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 12:28:32
+35°

22 Қараша, 2018 Оқиғалар

КТК редакциясына бомба қойылғандығы туралы қоңырау түсті

КТК журналисі: Дәл қазіргі сәтте ұжыммен ғимарат сыртындамыз, эвакуация жасалынды".

Республика алаңы ғимаратында Қазақстандық БАҚ-тың ірі 13 редакциясы орналасқан. Бүгін КТК телеарнасы ғимаратына бомба қойылғаны жайлы қоңырау түсіпті.

"КТК жаңалықтар редакциясына жарылғыш зат қойылғаны жайлы қоңырау түсті. Нәтижесінде жедел төтенше қызметі ғимаратта отырған барша қызметкердің эвакуациясымен айналысып жатыр»,- деп мәлімдеді Алматы қаласы ІІБ-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне.

Іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол патрульдік полициясы көлікті қауіпсіз аймаққа жіберілуде деген ақпарат бар.

Qamshy.kz редакциясы КТК журналисі Диас Нұрақынға қоңырау шалды. Әріптесіміз "Бізге бомба қойылғандығы туралы қоңырау шалынғаны рас. Дәл қазіргі сәтте ұжыммен ғимарат сыртындамыз, эвакуация жасалынды" деп айтты.

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір