• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:11:51
Алматы
+35°

07 Сәуір, 2017 NEWS

Көз жұмған екі жастағы бүлдіршін жерлеу рәсімі кезінде тіріліп кетті

Бразилияда таңқаларлық жағдай орын алды. Екі жастағы Кельвин Сантос есімді бүлдіршін ауруханада пневмониядан көз жұмған болатын. Алайда бүлдіршінді ақтық...

Бразилияда таңқаларлық жағдай орын алды. Екі жастағы Кельвин Сантос есімді бүлдіршін ауруханада пневмониядан көз жұмған болатын. Алайда бүлдіршінді ақтық сапарға шығарып салу кезінде бала тіріліп кеткен, деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Баламен қоштасуға келген туыстары болған жайтқа қатты таң қалған. Дегенмен, бала ұзақ уақытқа шыдамай, жан тапсырды. Баланың ата-аналары дәрігерлерді сотқа бермек. Сонымен қатар Сантоспен болған оқиға әулеттерінде бірінші рет болмаған екен.

Бала ауруханада көз жұмғаннан кейін, дәрігерлер оның денесін туыстарына тапсырған. Жерлеу рәсімі басталғанға дейін ол өзінің үйінде ашық табытта жатқан. Аяқ астынан көз жұмды деген Кельвин оянып, су сұраған.

Бөлмеде отырған адамдар мен баланың әкесі Антонио Сантос таңырқап, шошып қалған. Сонан соң бүлдіршін қайтадан табытқа жатып, сол бойы оянбады. Баланы қайтадан дереу ауруханаға жеткізіп, дәрігерге көрсеткен, алайда дәрігер оның өлгенін айтады. Медбикелер баланы алғаш өлді деп мәлімдеме берген сәті мен тіріліп кеткенге дейін арада 20 сағат уақыт өткен болатын.

Аударған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір