• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:40:12
Алматы
+35°

29 Мамыр, 2017 Әлеумет

Көршісіне көмектескен әйелдің өмірі түбегейлі өзгерді (ВИДЕО)

Тиша Бошеминнің толыққанды отбасы болды. Сүйікті жұбайы мен бес баласы. Әйел адам үшін бұдан асқан бақыт бар ма? Ол өмірінің аз ғана уақыт ішінде өзгеріп...

Тиша Бошеминнің толыққанды отбасы болды. Сүйікті жұбайы мен бес баласы. Әйел адам үшін бұдан асқан бақыт бар ма? Ол өмірінің аз ғана уақыт ішінде өзгеріп кететінін мүлдем ойламаса керек.

Өзінің мүлдем таныс емес көршісіне көмектесемін деп бүкіл елге танымал болған.

Оның Одри есімді көршісі болған. Екеуі аса қатты жақсы араласпаған екен. Тек күн сайын қал сұрасып амандасып тұрған. Алайда күндердің бір күнінде Одри ауруханаға жататын болады. Ол көршісі Тишаға қолғабыс етуді өтінеді.

Көп балалы ана Тиша бір түнге Одридің балаларына қараймын деп өмірінің осыншалықты өзгеретіндігін ойламаса керек. Келесі күні Одриде қатерлі ісік бары анықталады. Сол сәттен бастап Одри мен Тиша жақсы құрбыларға айналады. Тиша осындай қиын сәтте ауруға шалдыққан Одридің қасындан табылған жалғыз адам болған. 

Көп ұзамай Одридің күндері санаулы екені белгілі болады. Ауруға шалдыққан әйел өзінің емес, балаларының болашағына алаңдайды. Соңғы айтар сөзінде балаларын Тишаға табыстайтынын айтып, оларға қамқоршы болуын  өтінеді.

Одридің үш баласының тағдырына қапаланған Тиша және оның жұбайы Одридің қазасынан соң балаларын асырап алады. 7 адам тұрған үйге енді тағы 3 адам  қосылып үй мәселесі проблемаға айналады.

Осыған қарамастан Тиша құрбысының балаларына бар ықыласы мен көңілін бөледі. Алайда үй тарлық етіп ерлі-зайыптылар қатты қиналады.

Күндердің бір күнінде Тишаға жергілікті телеарнадан келіп оған бірнеше күнге қонақүйге тұруын өтінеді. Үлкен отбасы үйлеріне қайта оралғанда өз көздеріне өздері сенбейді. Жанашыр халық Тиша мен оның үлкен отбасына сый жасаған екен. 

 

Дайындаған: Назерке МҰСА

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір