• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:13:10
+35°

12 Ақпан, 2018 NEWS

Қазақстандықтар Инчхон халықаралық әуежайында қамалып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана тұрғынына сілтеме жасап. Олардың онда жүргеніне екі күн болған. 

Жазира Таубалдинованың айтуынша, олар Сеулге әкесімен бірге медициналық тексеруден өту үшін және Олимпиада ойындарын тамашалау үшін келген.

"Біз 10 ақпанда келдік. Өз қаражатымызбен тексерілуге және соған қоса Олимпиада ойындарын тамашалау үшін келдік. Сенбіден бері әуежай аумағында жүрміз. Үстелдерде ұйықтап, асханадан тамақ ішіп жатырмыз, алайда ас мәзірінің көп тамақтарын жей алмаймыз. Барып қайтатын билеттерді, қонақүй бронын көрсеттік, алайда бізді өткізбейді. Себебін де түсіндірмейді. Билеттеріміз бен төлқұжаттарымызды алып алды. Бізді жертөлеге жіберді, шамамен 20-30 шақты қазақстандық азамат осы жерде жүр", - дейді қыз бала.

Оның айтуынша, көптеген қазақстандық бүгін елге қайтып ұшып кеткен.  

 "Әкеміз екеуіміздің ертең Астанаға билетіміз бар. Көбінің қайтатын билеті жоқ. Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігіне хабарласа алмай отырмыз", - дейді Жазира. 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіндегілер осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

 "Біздің дипломаттар мән-жайды анықтап жатыр. Өз азаматтарымызға қолдан келген көмекті аяп қалмаймыз. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореяға баратын кездегі ұсыныстармен жіті танысуға кеңес береміз", - деді ведомство баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір