• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:35:32
Алматы
+35°

Сән көрсетілімі кезінде модель Динагүл Тасова көпшіліктің сынына ұшырады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Оның ашық-шашық киімі желіде қызу талқыға түсті. Осыған байланысты Астана қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин өзінің Facebook-парақшасында пікір білдірді.

«Бұл ақпарат көбіңіздің көңілдеріңізді түсіруі мүмкін. Бірақ қазір желіде талқыға түскен модель депутат емес. Оны әлеуметтік желіде барлығы мәслихат депутаты деп таныстырып жатыр. Бұл халықтың наразылығын тудырды. «Астана қалалық жастар мәслихаты» қоғамдық қоры әділет органдарында тәуелсіз коммерциялық емес ұйым болып табылады. Астана қаласының мәслихатына және жергілікті мемлекеттік органдарға ешқандай қатысы жоқ. Сонымен бірге Динагүл Тасованы халық таңдауы деп танып жатқандар көп. Бұл қате пікір», – деп жазды Данияр Есин. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір