Көпбалалы аналардың тісін емдетуіне дейін бюджеттен ақша бөлінген: неге білмейміз?

Көпбалалы аналардың тісін емдетуіне дейін бюджеттен ақша бөлінген: неге білмейміз?
Ⓒelorda.info

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов елордадағы көпбалалы аналармен кездесті. Қала басшысы көп балалы аналардың талап-тілектерін тыңдап, әкімшілік жалпы мемлекет тарапынан атқарылып жатқан шаралар мен көмектер туралы баяндап берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында "Хилтон" ғимаратының алдында бір топ аналар шоғырланып, өздерінің наразылықтарын білдірді. "Баспана" деп айқайлаған қалың топтың арыны жуырда басыла қоймаған. Аналармен мәмілеге келу үшін  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов арнайы уақыт бөлді. 

Бас көтерудің артынша Елорда ақпарат сайтында төмендегідей мәліметтерге тұнған материал жарық көрді. "Көзіқарақты оқырман мен көп балалы аналар өздеріне қандай жағдай қарастырылғанын біле жүрсін" деген ниетпен жазбаны жариялап отырмыз.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің шешімімен елорда тұрғындарының өмір сапасын жақсарту мақсатында кешенді жоспар әзірленген.

Оның ішінде коммуналдық қызмет төлемдеріне көмек; мүмкіндігі шектеулі жандарды алып жүретін адамдардың жолақысын төлеу; мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету; көпбалалы отбасыларының балаларының колледжде тегін оқуы; тұрғын үй сертификаттары; көпбалалы отбасыларының мектеп, колледжде оқитын студенттерінің жолақысын төлеу; көпбалалы отбасыларының балаларын мектепте тегін тамақтандыру; сауықтыру лагерьлеріне жолдама беру; мектеп формасы мен канцеляриялық тауарлармен қамтамасыз ету; балабақшалардан орын беру; ЖОО көпбалалы отбасыларының балалары үшін грант бөлу; көпбалалы аналар бюджет есебінен тісін емдеп, салдыру; жер үйде тұратын көпбалалы отбасыларын қыста отымен қамтамасыз ету сияқты көмек түрлері бар.

Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау үшін қосымша 13 шара қолға алынып, оған 6,5 млрд теңге бөлінді.

Биылғы жылы Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік салаға бөлінген қаржы сомасы 150 млрд теңгені құрап отыр. 2019 жылдың сәуірінен бастап қаладағы емханаларда әр сенбі сайын көпбалалы отбасыларды қабылдау ұйымдастырылған. Мүмкіндігі шектеулі балалардың үйлеріне барып көмек көрсетуге қарастырылатын қаржы 6,5 АЕК-тен 10 АЕК (25250 теңге) дейін артты. Бұл шарамен 228 адамды қамту көзделіп отыр. Сонымен қатар бұған дейін хабарлағанымыздай, білім беру қорынан да әлеуметтік көмек алуға болады.

Жергілікті атқарушы орган әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды жан-жақты қолдау үшін 30-дан астам төлем жүргізуді қолға алған. Бұл мақсатқа бөлінген қаржы 12,2 млрд теңге. Баспана мәселесін шешуге төленетін төлемдер орташа алғанда 18 % артты, ол үшін тағы 34 млн теңге бөлінген. Көпбалалы 1300 отбасы мамыр айында қоныс тойын тойлайды. 1300 Білім беру, денсаулық сақтау саласы мен полиция департаменті қызметкерлерінің баспана мәселесін шешуге 2 мың тұрғын үй сертификатын беру көзделген.

Жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік әлсіз топқа қосымша қолдау көрсетілетін болады. Әлеуметтік жоба аясында аутизммен ауыратын балаларға арнайы қызмет көрсету үшін бюджеттен 40 млн теңге қарастырылған. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 100-дей балаға осындай көмек көрсетіледі.

Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 2019 жылы 1,2 млрд теңге бөлінді. Соның нәтижесінде қоғамдық жұмысқа тартылатын азаматтар саны 500-ден 1 мың адамға дейін артады. Қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз етілген адамдардың жалақысы 48 мыңнан 84 мыңға дейін көбейді.

Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты сұрақтарды Smart Astana қосымшасынан білуге болады.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Украинада есірткі заңдастырылмақ
    21/05 03:03 0 308
    2
    Қадыров: Егер біз қаласақ, Киев Ресейдің бір облысына айналады!
    21/05 01:29 1 3173
    3
    Кемеровада тағы бір өрт: ірі авто орталық отқа оранды
    20/05 23:03 0 168
    Баспа үйіндегі дау: ондаған журналист жұмыссыз қалды
    20/05 22:23 0 194
    "Сайлауға бойкот" деп ұрандаған нұр-сұлтандық сотқа тартылып жатыр (видео)
    20/05 20:02 0 1182

    Таныстырылғандар

    Ат мінгізген айып па?
    Ат мінгізген айып па?
    Ат мінгізген айып па?
    Тіпті Тоқаевтың өзі бұл істі қатаң бақылауына алып, шара қолданатынын жеткізген-ді.
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 12:42 0 2860
    Теледебат. Кандидаттар қандай пікірде?
    Теледебат. Кандидаттар қандай пікірде?
    Теледебат. Кандидаттар қандай пікірде?
    кандидаттар арасындағы дебат таяуда тікелей эфирде өтуі мүмкін
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 12:53 0 610
    Елордадағы митинг: Сұлтанов сұраққа жауап беруді ғана біле ме? (видео)
    Елордадағы митинг: Сұлтанов сұраққа жауап беруді ғана біле ме? (видео)
    Елордадағы митинг: Сұлтанов сұраққа жауап беруді ғана біле ме? (видео)
    16 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында көп балалы және жалғыз ілікті аналардың наразылығы өтті
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 17:14 0 2925
    Сотталушы сот залында күре тамырын кесті
    Сотталушы сот залында күре тамырын кесті
    Сотталушы сот залында күре тамырын кесті
    Қарағанды облыстық сотының ғимаратында екі жылға сотталған Балқаш қаласының тұрғыны Александр Гит апелляциялық алқа сот шешімін оқыған соң күре тамырын кесті.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 09:58 0 651
    Қабыл болған ата-ана тілегі: Тоқаевтың президент болуын сұраған
    Қабыл болған ата-ана тілегі: Тоқаевтың президент болуын сұраған
    Қабыл болған ата-ана тілегі: Тоқаевтың президент болуын сұраған
    "Мен сол кезде осындай бақытты әрі жауапкершілігі мол тіршілік біздің Жомартқа да бұйырғай деп тілек тіледім.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 14:33 0 681
    Адамзат тарихындағы ең батыл 5 әйел
    Адамзат тарихындағы ең батыл 5 әйел
    Адамзат тарихындағы ең батыл 5 әйел
    Адамзат тарихындағы ең батыл 5 әйел
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 15:38 0 501
    Бір футболшы неше мұғалімнің айлығын алады?
    Бір футболшы неше мұғалімнің айлығын алады?
    Бір футболшы неше мұғалімнің айлығын алады?
    Ұстаздардың айлығы футболшылардан едәуір аз
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 01:13 0 1598
    Дау-дамай өршіп тұр: Тұрғындар қаражатты қалтаға басқан серіктестікке наразы (Видео)
    Дау-дамай өршіп тұр: Тұрғындар қаражатты қалтаға басқан серіктестікке наразы (Видео)
    Дау-дамай өршіп тұр: Тұрғындар қаражатты қалтаға басқан серіктестікке наразы (Видео)
    "Тұрғындар жиналыс жасағалы жатыр" деген хабарды естіп, төрт блоктан тұратын тұрғын үй кешеніне біз де жеттік ентелеп.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 01:23 0 774
    Тоқаев әлеуметтік желі арқылы халыққа есеп бере бастады (видео)
    Тоқаев әлеуметтік желі арқылы халыққа есеп бере бастады (видео)
    Тоқаев әлеуметтік желі арқылы халыққа есеп бере бастады (видео)
    Әлеуметтік желіде Тоқаевтың 1 апталық жұмысының қысқаша видеосы жарияланды
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 02:02 0 178
    Әлемдегі ең сұлу 10 мұсылман қыз кім?
    Әлемдегі ең сұлу 10 мұсылман қыз кім?
    Әлемдегі ең сұлу 10 мұсылман қыз кім?
    Әлемнің әртүрлі елдеріндегі ең әдемі мұсылман әйелдерін білесіз бе? Олар тек сұлулығымен ғана емес, сондай-ақ істеген ісімен көпке үлгі және құрметті тұлғалар.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 10:13 0 1889
    Бағытыңызды анықтаңыз: Алматыда бірқатар жолдар жабылады
    Бағытыңызды анықтаңыз: Алматыда бірқатар жолдар жабылады
    Бағытыңызды анықтаңыз: Алматыда бірқатар жолдар жабылады
    Ерте қамданып, өз бағытыңызды нақтылап алыңыз.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 13:42 0 105
    Байбек қаланы қоғамдық көлікпен аралап жүр
    Байбек қаланы қоғамдық көлікпен аралап жүр
    Байбек қаланы қоғамдық көлікпен аралап жүр
    Қоғамдық көліктердің бірінде баласымен бірге отырған суретін жарялаған қала басшысы Алматыдағы қоғамдық көліктердің хал-ахуалын айтып өткен.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 15:00 0 653
    Зеленскийге айқайлаған Ляшко Президенттен өзі сөз естіді
    Зеленскийге айқайлаған Ляшко Президенттен өзі сөз естіді
    Зеленскийге айқайлаған Ляшко Президенттен өзі сөз естіді
    Ал сізге адамдарды әлі күнге дейін төлқұжат пен тілге бөлетініңізге алғысымыз шексіз, Олег мырза!
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 15:43 0 1691
    Facebook әлеуметтік желісінде өзгерістер болады
    Facebook әлеуметтік желісінде өзгерістер болады
    Facebook әлеуметтік желісінде өзгерістер болады
    iOS пен Android-ке арналған жаңартулар жақын арада шығады...
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 16:22 0 173