«Көпбалалы анаға 16 мың теңге көп» деп халықты ашындыра бергенше, "пайдалы ертегі" айтайық

«Көпбалалы анаға 16 мың теңге көп» деп халықты ашындыра бергенше, "пайдалы ертегі" айтайық
ⒸPandaland.kz

Біздің әз Жәнібек ханымыз қан майданда арпалысып жүргенде Мәскеу князі III Иван идеологиямен айналысты. Бірақ мұны княздың өзі емес, Филофей  деген шіркеу қызметшісі тындырды. Енді қызықты қараңыз, әлгі діндар мынадай ертегі ойлап тауыпты.

Ақырзаман болғанша әлемде үш Рим болады екен.

Бірінші Рим – “мәңгілік қала”. Бірақ оның түбіне Еділ бастаған ғұндар жетті.

Демек мәңгілік емес!

Екінші Рим -  Константинополь. Мұны да көшпенді Осман түріктері құлатты.

Демек бұл да мәңгілік емес!

Сенесіз бе, «Үшінші Рим» деген де бар екен. Алдыңғы екі Рим енді түсінікті. Екеуі де империялық дәуірдің жемісі. Ал «Үшінші Рим»...

Сөйтсек «Үшінші Рим» – Мәскеу екен. Филофейдің айтуынша бұл ақырзаманға дейін тұратын соңғы Рим. Бірақ бұл ертегіге кім сенеді? Еуропада атынан ат үркетін Вена, Париж, Лондон секілді «алыптар» тұрғанда солтүстікте қар басып жатқан  Мәскеуді “Үшінші Рим” деп жариялау есі дұрыс адамның ісі ме? Оны қоя берші, екі күннің бірінде Қазан мен Үлкен Ордадан таяқ жеп, Қырымға салық төлеп отырған Мәскеу қалайша мұндай дәрежені иеленбек?

Жақсы, бұл саяси жағдай делік. Ал сол кездегі Мәскеудің экономикасы, әлеуметтік жағдайы, халқының тұрмысы, былайша айтқанда өмір сүру деңгейі Еуропадағы Вена, Лондон, Парижбен салыстыруға келе ме өзі? Сіз шатаспаңыз. Ол тек біздің, азиаттардың көзімен қарағанда «Мәскеу». Ал Еуропаның деңгейінде...

Сөйтсек, ертегіні де дұрыстап айта білсең одан тарих жасауға болады екен. Әлгі Филофей деген діндардың ойлап тапқан идеясын қараңыз.

Бұл ертегіге Мәскеудің мұжықтарын сендіру үшін III Иван Византияның соңғы императоры Константин XI Палеологтың туысы София Палеологты  қатын етіп алуы керек.  Бұл расында тамаша идея болатын. Осыдан 19 жыл бұрын Осман сұлтаны II Мехмед әлемдегі ең берік қамал Константинопольді жермен-жексен етіп, 1000 жыл өмір сүрген Византияны құрдымға жіберген еді ғой. Міне, содан бері император әулетінен шыққан София Палеолог грек аралдарында қашып-пысып жан сақтап жүрген. III Иванға халқына үміт сыйлар «идеология», ал қуғында жүрген Софияға паналайтын мекен керек болды. Сонымен сол қуғында жүрген Софияны орыстың князі III Иван қатын етіп алды. София дегеніміз болашақ Иван Грозныйдың әжесі. Ертегінің соңын әдемі жабу үшін Псково-Печерский шіркеуі салынды. Осымен іс бітті. Енді Мәскеу тұрғындары өздерін «Римде» тұрып жатқандай сезінуі керек.

Анау айтқандай керемет дүниелер бола қойған жоқ. Алайда енді әрбір мұжықтың жүрегінде: Мен  «Үшінші Римде» өмір сүріп жатырмын - деген асқақ сезім пайда болды. Ал III Иван халқының көңіліндегі қылды дөп баса білді. Екі күннің бірінде орыс слабодаларын талан-таражға салып, өрімдей орыстың жігіттерін Кафа базарына топырлатып құлдыққа сатып жатқан осындай ауыр кезде князь ең алдымен олардың санасын, өзгелерден артық екендігін, татарлардан да басқа халықтар, жаңа әлемнің бар екенін сезіндірді. Осыған дейін жауынгерлердің қорасын тазалап келген мұжықтардың жүрегінде намысын оята білді. Бұл – нағыз идеология болатын. Шындап келгенде Мәскеуде қарық болғандай алып құрылыстар, бақытты өмір, Париж, Вена, Лондондағыдай жайлы тіршілік болған жоқ. Сол баяғы сұрықсыз тірлік. Бірақ ең бастысы олардың жүрек түкпірлерінде алаудың ұшқыны жанды. «Үшінші Рим» деген жоқ және ол болған да емес. Бірақ әрбір мәскеулік «Үшінші Римді» өз жүрегінде тұрғызды. Қарапайым мұжықтардың жүрегінде үлкен дүниелерге, биік мұраттарға деген арманы оянды.

Біз де Астананы «Әлемдік қала» деп ресми жариялайық. Бұл ісімізге кезінде орыстарға қалай күлсе бізге де солай күлер. Түгел Қазақстан сыйып кететін Мехико (21 млн), Токионы (13 млн) дәл қазір басып озатын  қуатымыз жоқ. Бірақ Мәскеудің өзі сондай мүшкіл хәлде тұрып өзін «Үшінші Рим» деп жариялады ғой. Дәл қазір болмағанымен әйтеуір бір күндері біз де жетерміз.

 «Көпбалалы анаға 16 мың теңге көп» - деп халықты ашындыра бергенше, III Иван секілді «пайдалы ертегі» айтып онысыз да қайғыдан қан жұтып отырған халықтың сәл де болса рухын көтеріп, басынан сыйпағанымыз дұрысырақ сияқты.

Естір құлақ болса, әрине...

Рысбек Рамазанұлы

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Алматыда екі жігіт 35 жастағы әйелді буындырып, тонын шешіп алып кеткен (видео)
    21/02 12:28 0 834
    2
    Түрікмен полициясы әйелдердің көлік жүргізу куәлігін тартып алып жатыр (видео)
    21/02 12:17 0 133
    3
    Туыстарына әскери өмірдің ұнағанын айтқан сарбаз өз-өзін атып өлтірген
    21/02 12:05 0 254
    "Жануарларды азаптап, өнер көрсететін цирк қажет емес" – қоғам белсенділері
    21/02 11:52 0 157
    "Курица – не птица, Аблязов – не оппозиция". Мәні "кепкен" мәтелдер
    21/02 11:24 0 1169

    Таныстырылғандар

    Кооперативке ақша салу қауіпті ме?
    Кооперативке ақша салу қауіпті ме?
    Кооперативке ақша салу қауіпті ме?
    кооперативке сенуге бола ма?
    Аудио тыңдау
    14/02/2019 17:17 0 1326
    "7 жылға түрмеге қамалғаным үшін құдайға шүкіршілік етемін". Зорлық көрген әйелдің оқиғасы
    "7 жылға түрмеге қамалғаным үшін құдайға шүкіршілік етемін". Зорлық көрген әйелдің оқиғасы
    "7 жылға түрмеге қамалғаным үшін құдайға шүкіршілік етемін". Зорлық көрген әйелдің оқиғасы
    Түрмеге отырса, керісінше бостандықпен қауышатын әйелдер де барын білесіз бе? Ондай әйелдер түрмеге қамалып қана жан рахатын сезінеді,
    Аудио тыңдау
    14/02/2019 17:32 0 3320
    Ауыл молдасы 37 жыл бұрын өзінен бас тартқан анасын іздейді
    Ауыл молдасы 37 жыл бұрын өзінен бас тартқан анасын іздейді
    Ауыл молдасы 37 жыл бұрын өзінен бас тартқан анасын іздейді
    Мен – молдамын, үйім, балаларым бар, орман шаруашылығында  күзетші болып жұмыс істеймін.
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 13:59 0 1965
    "Көп балалы аналардың балаларын тегін курсқа шақырамын" (видео)
    "Көп балалы аналардың балаларын тегін курсқа шақырамын" (видео)
    "Көп балалы аналардың балаларын тегін курсқа шақырамын" (видео)
    Адамның қолына балық ұстап бергеннен, балықты қалай аулау керектігін үйреткен жақсы.
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 15:22 0 1081
    Миллионерге әйелдердің ерлерден мықты екенін мойындауына бір күн жеткілікті болды
    Миллионерге әйелдердің ерлерден мықты екенін мойындауына бір күн жеткілікті болды
    Миллионерге әйелдердің ерлерден мықты екенін мойындауына бір күн жеткілікті болды
    Әрі жұмыс істеп, әрі бала бағып үлгеретін әйелдердің ерлерге қарағанда әлдеқайда мықты екенін де мойындаған.
    Аудио тыңдау
    18/02/2019 10:21 0 803
    Толық емес отбасы мен жалғызбасты аналардың құқықтары қандай?
    Толық емес отбасы мен жалғызбасты аналардың құқықтары қандай?
    Толық емес отбасы мен жалғызбасты аналардың құқықтары қандай?
    Бүгінде мемлекет тарапынан толық емес отбасыларға да, жалғызбасты аналарға да ешқандай ақшалай көмек берілмейді.
    Аудио тыңдау
    18/02/2019 11:48 0 1158
    Назар аударыңыз! "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша баспаналы болудың ережелері өзгерді
    Назар аударыңыз! "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша баспаналы болудың ережелері өзгерді
    Назар аударыңыз! "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша баспаналы болудың ережелері өзгерді
    Пәтерді таңдап, «7-20-25» бағдарламасына қатысушы банкке тұрғын үй құнының 20 пайызын алғашқы жарна ретінде салса жеткілікті.
    Аудио тыңдау
    18/02/2019 16:30 0 1178
    "Тележүргізушілер "Ассалаумағалейкум!" деп амандасудан неге қорқады?"
    "Тележүргізушілер "Ассалаумағалейкум!" деп амандасудан неге қорқады?"
    "Тележүргізушілер "Ассалаумағалейкум!" деп амандасудан неге қорқады?"
    Сенің тіліңде сөйлегісі келмейтін ұлт өзіңді де менсінбейтінін ол ұлт сенен өзін үстем санайтынын қазақ байғұс әлі де түсінбей-ақ келеді.
    Аудио тыңдау
    18/02/2019 17:01 1 4161
    Әлі күнге дейін құл иеленушілер мен құлдар ұстайтын мемлекет (фото)
    Әлі күнге дейін құл иеленушілер мен құлдар ұстайтын мемлекет (фото)
    Әлі күнге дейін құл иеленушілер мен құлдар ұстайтын мемлекет (фото)
    Неге екені белгісіз, сүйекке таңбақұлдық қанына сіңіп кеткен харатиндердің өзі бас бостандығы үшін күреспейді.
    Аудио тыңдау
    19/02/2019 12:26 0 1447
    Өзінің сұрықсыз өмірін 305 мың долларға сатқан австралиялықтың оқиғасы (фото)
    Өзінің сұрықсыз өмірін 305 мың долларға сатқан австралиялықтың оқиғасы (фото)
    Өзінің сұрықсыз өмірін 305 мың долларға сатқан австралиялықтың оқиғасы (фото)
    Йен Ашер бақытты отбасын құрып, сүйікті іспен айналысуды армандаған қарапайым азамат еді. Алайда екеуінде де азаматтың жолы болмайды.
    Аудио тыңдау
    19/02/2019 15:43 0 545
    Маскүнемді әулие еткен бір ауыз сөз
    Маскүнемді әулие еткен бір ауыз сөз
    Маскүнемді әулие еткен бір ауыз сөз
    Ақиқат жолын табанды ұстануының арқасында бара-бара әулие кісілердің қатарына қосылды.
    Аудио тыңдау
    19/02/2019 16:30 0 2212
    Биыл "Түркістан – Самарқанд» халықаралық автобус бағыты ашылады
    Биыл "Түркістан – Самарқанд» халықаралық автобус бағыты ашылады
    Биыл "Түркістан – Самарқанд» халықаралық автобус бағыты ашылады
    Түркістан облысында 44 тасымалдаушы 1224 дана автобуспен (шағын автобуспен) жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетуде.
    Аудио тыңдау
    20/02/2019 10:28 0 120
    Жылына 1000 етік тігетін мүмкіндігі шектеулі әйел
    Жылына 1000 етік тігетін мүмкіндігі шектеулі әйел
    Жылына 1000 етік тігетін мүмкіндігі шектеулі әйел
    Бүгінде 4 баланың анасы, 3 топтағы мүгедек Орынгүл 2012 жылы аяқ киім шығару ісін зерделей бастаған.
    Аудио тыңдау
    20/02/2019 15:50 0 249
    Назарбаевтың сүйікті асы – кеспе, ал өзге президенттердің ше?
    Назарбаевтың сүйікті асы – кеспе, ал өзге президенттердің ше?
    Назарбаевтың сүйікті асы – кеспе, ал өзге президенттердің ше?
    Мәселен, Дональд Трамп бургер мен картоптан жасалған фриді жей береді. Ал сүйікті тағамы – беконмен қуырылған жұмыртқа.
    Аудио тыңдау
    21/02/2019 10:32 0 444
    "Курица – не птица, Аблязов –  не оппозиция". Мәні "кепкен" мәтелдер
    "Курица – не птица, Аблязов – не оппозиция". Мәні "кепкен" мәтелдер
    "Курица – не птица, Аблязов – не оппозиция". Мәні "кепкен" мәтелдер
    "Ресейдi Путин билейдi, Путиндi бұтым билейдi"
    21/02/2019 11:24 0 1179