• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 18:26:48
Алматы
+35°

19 Наурыз, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Көп балалы аналармен кездескен Айдос Сарым проблемаларды шешудің жолын атады

Аналардың біразы жоғарыда айтылған себепке байланысты өздеріне тиесілі көмек пен жәрдем түрлерін алмайды, ол туралы естімеген де.

Кешегі көпбалалы аналармен кездескеннен кейінгі түйген ойым. 
Типологиясы.
Негізінен үш аудан өкілдері: Әуезов, Алатау, Түрксіб.
96-97 пайызы өз қандастарымыз.
Пробемалары.
1. Аналардың біразы заңдардан бейхабар, ақпараты аз. 
Әрине бала бағу, өсіру оңай дүние емес. Әр балаға уақыт бөлу, тамағын беру, кірін жуу, сабағын қарау - уақыт. Сондықтан болар, олардың газет оқып, интернет қарауға уақыты да болмауы бек мүмкін. 
2. Аналардың біразы жоғарыда айтылған себепке байланысты өздеріне тиесілі көмек пен жәрдем түрлерін алмайды, ол туралы естімеген де.
Қарапайым әңгімеде ана көмекті алдыңыз ба - жоқ, білмеппін, балаңыз мектепте ыстық тамақ іше ме - жоқ, кітап-дәптер ақшасын ала ма - жоқ... тағысын тағы. 
3. Ең қиын кезең - балалардың кішкентай кезі. Отағасы жұмыссыз қалып жатса, жарақат алса - нағыз трагедия. 
Өкініштісі, қабылдауға келгендердің арасында жесір де, ажырасқандар да бар. Төрт баласын тастап кеткен еркектер де болады екен. Солардың алиментін ала алмай, дал боп жүрген отбасылар да жетерлік.
4. Алматыға жаңадан қосылған, еш тізімде жоқ, әлеуметтік бағдарламадан ада талай отбасы бар. Соларды заңдастыру, тізімге алу мәселесі.
5. Келген аналардың біразы - ештеңенің керегі жоқ, баспана мәселесі шешілсе болды деп те жатыр. Қанша жылдан бері тізімде, кезекте тұрмыз деп алаңдауда. 
Тізімдегі 1276 отбасы бөлек шығарылып, ортақ кезектен тыс қамтылады деп, жөнін айтып жатырмыз. 
Тағы бір мәселе - мектеп пен садик кезегі. 
...
Мәселені шешу жолдары:
1. Бізге ондаған мемлекеттік емес әлеуметтік ұйымдар, аналар клубы мен волонтерлер керек. Үйінде баламен отырып, шыға алмайтын аналар бар. Солармен жұмыс істеу, жөн сілтеу, заңды түсіндіру, қағазын жинауға қол ұшын беріп, тиісті көмек-жәрдем түрлеріне іліктіру үшін бұндай ұйымдар ауадай қажет. Сенімсіздік те жоқ емес. Аналар өздері қатарлы, өз өмірін түсінетін адамдарға көбірек сенетіні анық. Өмір көрген, тәжірибесі мен қайраты бар адамдарды осыған көптеп тартса.
2. Ортақ базалар мен дерек көздері. Дұрыс ақпарат алу қиын. Бәрі жан-жақта шашырап жатыр. Көпбалалы отбасылардың әрқайсысын паспорттап, ортақ база жасау ауадай қажет. Баланың өсуі оның мемлекеттік, қоғамдық көмек пен ізгіліктер сатысымен қамтамасыз етілуі тиіс. 
Қалада көпбалалы аналар пәтер кезегінен бөлек алынып, арнайы кезекпен қамтылады деп жатыр. Бәлкім, көпбалалы отбасылар үшін мектеп, балабақша, т.б. қатысты бөлек кезек пен тізім жасау керек пе деп қалдым. 
3. Ақпарат алу, тарату жүйесі мүлдем әлсіз. Ақпарат тек аяғымен жүріп, дікілдеп есік қаққандарда ғана болмауы шарт. Керісінше, ақпарат аналардың соңынан ілесіп жүруі міндет. Балабақша, мектеп, әлеумет, аурухана жүйелері тек өз міндетін атқарушы ғана емес, ортақ жүйенің, ортақ жұмыстың бөлшегі болса дұрыс. Аналарға қамқорлық ортақ жұмыс пен парыз. Барлық жүйе мен меморган бір мақсатқа, бір бағытқа қызмет етсе құба-құп. 
Әрбір аналарға бір ортақ электронды сервис керек сияқты. Сонымен қатар сол электронды қызметтерді тиімді қолдануға үйрету де қажет. Кеше бір-екі аналар цонның қағазын алу үшін ол жаққа бармай ақ, ұялы телефон арқылы алуды үйреніп жатыр, мысалы. 
...
Басты мәселе, әрине, адам факторы. Әлеуметтік мәселемен айналысатын органдар мен қызметтерге ақжүрек, мейірімді, өмір көрген, шапағаты мол адамдар келгені дұрыс. Көптеген мәселе мінезге де байланысты екен. Ананы бізге неге айтпаған, мынаны неге көрсетпеді, түсіндірмеді деген әңгіме көп.
Жақында ВШЭ деген Ресей ғылыми орталығының бұл елдегі мектептегі мұғалімдердің біразы оқушы үшін қауіпті деген дерегін оқыдым. Яғни, кәсіби ауруға - жұмыста күйіп кету (выгорание) - шалдыққан деп жатыр. Әлеумет саласында мұндайлардың саны біраз бар. Осыны да ойластыру қажет. Жақсы зерттеулер ауадай қажет деп ұқтым.

Айдос Сарымның Facebook-тегі парақшасынан алынды

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір