• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:39:08
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2019 Оқиғалар

"Көп балалы аналарға әжептеуір қаржылай көмек көрсетіледі деп ойлаймын"

Қазақстан еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова билік «көп балалы отбасылардың неге мұқтаж екенін әлі анықтап жатыр» деп хабарлады.

Қазақстанның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова билік «көп балалы отбасылардың неге мұқтаж екенін әлі анықтап жатыр» деп хабарлады. Министрдің сөзінше, қазір әрбір елдімекенде қанша көп балалы отбасы бар екені анықталған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттықтың дерегін негізге алып. 

— Әрбір отбасының неге мұқтаж екенін біліп барып көмектесу керек – бірінде денсаулық мәселесі, бірі баспанаға зәру, білім беру мен қаржылық қиындықтары бар отбасылар бар, - деді Әбілқасымова.

Министр «көтерілген мәселенің көбі оң шешім табады» дегенімен, үкімет көп балалы отбасыларға берілетін әлеуметтік көмекке қарастырылған қаржының қаншаға өсетінін айтқан жоқ. Әбілқасымова «бөлінетін қаражат Қаржы министрлігінің есептеуінен соң жарияланады» деді.

— Тұрмысы төмен көп балалы және аз қамтылған отбасылар басты назарда болады. Табыс деңгейі жақсы болуы үшін [көп балалы отбасыларға] әжептеуір қаржылай көмек көрсетіледі деп ойлаймын, - деді министр.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір