• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:33:50
Алматы
+35°

13 Ақпан, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Көп балалы анаға көмектеспек болған азаматтың басы бәлеге қалды (видео)

Таңғы сағат 10-да тоқтатқаннан жол бойында әлі тұрмын. Көмектесемін деп бәлеге қалдым.

Астанадағы 5 баланың өлімінен кейін көп балалы аналардың мәселесі қызу талқылануда. Қазақстандағы жомарт жандар жағдайы төмен отбасыларға барынша көмектесіп жатыр. Жағдайы төмен көп балалы отбасына көмектесемін деген қайырымды азаматқа 100 мың теңге айыппұл салынды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Өскемендік азамат көп балалы ана Әйгерім Әлімжановаға 5 тонна көмір апармақ болып, таңертең жолға шыққан. Алайда жолда транспорттық полиция жолда тоқтатып 100 мың теңге айыппұл салған. 

"Таңғы сағат 10-да тоқтатқаннан жол бойында әлі тұрмын. Көмектесемін деп бәлеге қалдым. Транспорттық бақылау деген бәле болды. 10 мың, 20 мың теңге ақша сұрайды. Әбден басымды қатырып болды»,  дейді қайырымдылық жасаушы азамат. 

"Мен көмірді тасып беру жөнінде өтініш жасаған едім. Алайда оны транспорттық полиция тоқтатып, айыппұл салған. Ол маған "жағдайды түсіндіріп көр. Менің көмірім еді деп айт", деп шақырып алды. Оның көлігі қыс бойы жүрмеген. Ол көмір тасымайтын кісі. Оны кез келген адам дәлелдеп бере алады. Ол маған жай ғана көмек көрсеткісі келді", дейді көп балалы ана. 

"Өскемендік көпбалалы ана Әйгерім Әлімжановаға көмек көрсетеміз деген азаматқа 100 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Себебі, қауіпті заттарды тасымалдау үшін арнайы рұқсат қағаздар қажет екен. Сонда қатты отын қауіпті затқа жата ма?", деп жазды Қанат Оралбек өзінің фейсбук парақшасына. 

Кейін Қанат Оралбек көмірді Әйгерім Әлімжанованың үйіне жеткізіп бергенін айтты. Ал айыппұлды бас аман болса, халық болып төлейміз дейді. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір