• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 20:03:08
Алматы
+35°

16 Қараша, 2018 Оқиғалар

Көмір аламын деп ажал құшты чемпион

Көмірдің айналасындағы ажиотаж биыл да қайталанып жатыр.

Көмірдің кезегінде тұрған атақты дзюдоист Жасұлан Әбиев қайтыс болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі FACTUM-ға сілтеме жасай отырып.

ШҚО полиция басқармасының мәлімдемесі: «Степной елдімекен  тұрғынының 13 қараша күні өлтірілуіне байланысты ҚР Қылмыстық кодекстің 106 баптың 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 1994 жылғы семейлік қолға түсті. Қазіргі таңда ол уақытша қамау изоляторында отыр».

Көмірдің айналасындағы ажиотаж биыл да қайталанып жатыр. Болашағынан зор үміт күттіретін спортшымыздың көгілдір отынға бола қапияда көз жұмуына байланысты әлеуметтік желіде қайғырып көңіл айтып, көмір мәселесін көтеріп жатқандар көп.

Марқұм Жасұлан Әбиев 60 келі салмаққа дейінгі санатта мықтылардың қатарында. Ол дзюдо күресі  бойынша халықаралық турнирлердің, Қазақстан чемпионаттарының жүлдегері болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір