• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:58:46
Алматы
+35°

27 Сәуір, 2017 Әлеумет

Көлігін тәркілеген сот орындаушыны ер адам көлігімен әдейі қаққан

Астана қаласының алимент төлеу бойынша берешегі бар «Д.» азаматы  Астана қаласы Әділет департаментінің сот орындаушысы Р.Кизатовты тыйым...

Астана қаласының алимент төлеу бойынша берешегі бар «Д.» азаматы  Астана қаласы Әділет департаментінің сот орындаушысы Р.Кизатовты тыйым салынған автокөлігін тәркілеуге әрекет еткен кезде қағып кетті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Астана қаласы Әділет Департаменті Алимент төлемдерін өндіріп алу аумақтық бөліміне сілтеме жасап. 
 
Борышкер ұзақ жылдар бойы жасы кәмелетке толмаған баласына алимент төлеуден жалтарып, өз еркімен сот шешімін орындауға жасалған ұсынысты елемеді.
 
Осыған орай, борышкердің автокөлігіне тыйым салу қаулысы шығарылды. Алимент  төлеу бойынша берешегі бар борышкер  автокөлігі тұрған жерін жасырып, сот орындаушыларды жаңылыстырып, жалған ақпарат берді. Бірақ, сот орындаушы Р.Кизатов Атқару өндірісін қамтамасыз ету басқармасының аумағында борышкердің автокөлігі тұрақталғанын анықтады.
 
Тыйым салынған мүлігін тәркілеуге әрекет еткен сот орындаушыны борышкер «Д.» автокөлігімен қағып кетіп, жасырынып қалуға тырысты. Жол полиция қызметкерлері қауіпті борышкерді ұстауға жәрдемдесті.
 
Қазіргі таңда,  мүлкін тәркілеу туралы тізімдеме хаттамасы, мүлкін алып қою туралы акті, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және қаулы толтырылды.
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір