• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:10:44
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2017 Әлеумет

Көкшетау тұрғындарына бақылау күшейді

Көкшетау қаласында көшелер мен адам көп жиналатын жерлерде бейнебақылау жүйелері көбейеді. Бұл туралы Көкшетау қ. әкімдігі, «Қазақтелеком» АҚ,...

Көкшетау қаласында көшелер мен адам көп жиналатын жерлерде бейнебақылау жүйелері көбейеді. Бұл туралы Көкшетау қ. әкімдігі, «Қазақтелеком» АҚ, жергілікті полиция мен қалалық прокуратура арасында өткен облыс орталығының қоғамдық қауіпсіздігі бойынша жұмыс кеңесі барысында белгілі болды деп Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Құқықбұзушылықтардың алды алу үшін бейнебақлау камераларын алам көп жиналатын жерлерде және қаланың  аудандарында құруға ұсынылды.

«Қазақтелеком» АҚ да бұл мәселе жайлы өз пікірін білдірді. Жыл басынан байланыс операторлары облыс орталығының көптеген үйлерінде бейнебақылау жүйесін тестілеуде. Камералар стационарлық компьютерден де, сонымен бірге барлық заманауи гаджеттерден де ауладағы және баспалдақ алаңында болып жатқан жайттарды шынайы уақытта бақылай алады. Шамамен сәуір айынан бастап, жеке тұлғалардың өтініштері түсе бастаған шақтан тұрғын-үй нысандарында жабдықтардың орнатылуы басталады. Абоненттік төлем айына шамамен 400 теңгені құрайды.

Жергілікті полиция өз кезегінде Көкшетау қ. 129 аналогты және цифрлі камералар қылмысты ашуды жеңілдетеді. Осылай, 2016 жылы камералардың көмегімен 15 669 әкімшілік құқықбұзушылық тоқтатылды, қала шетінде барлығы 120, «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша 14 қылмыс ашылды. Ағымды жылда тағы бес камера іске қосылады, қала аумағы өсіп келе жатқанына қарағанда, әрине, бұл кішкентай көрсеткіш.

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев жергілікті полиция қызметіне қала прокуратурасының келісімі бойынша қылмыс көп жасалатын қала аудандарында бейнебақылау камераларын орнату орындарын анықтауға, ТКШ бөліміне «Қазақтелеком» АҚ ұсынысын қарастыруға, тапсырма беріп, полициця қызметінің адами ресурстарын жетілдіруге осы шараның өзектілігіне ерекше көңіл бөлді.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір