• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:22:43
Алматы
+35°

21 Қыркүйек, 2018 Спорт

Көкпардан кеткен есені палуандар қайтарды

Қырғызстан Республикасының Ош облысында джиу-джитсу (не-ваза) бойынша өткен халықаралық турнир «Alau open-де» еліміздің палуандары есе қайтарды.

Естеріңізге сала кетсек, Шолпан Атада өткен дүниежүзілік көшпенділер ойынында қазақ-өзбек көкпаршыларының кездесуі үлкен дау тудырған болатын. Жартылай финалда еліміздің шабандоздары ала шапандыларға есе жіберіп, қырғыздардың сынына ұшыраған. Қырғызстан Республикасының Ош облысында джиу-джитсу (не-ваза) бойынша өткен халықаралық турнир «Alau open-де» еліміздің палуандары есе қайтарып, қазақ спортшыларының мықты екенін кезекті рет дәлелдеді.

Сағадат батыр

Аталған турнирге "Sagadat batyr QTT" спорт клубынан 7 мен 17 жас аралығында 23, ал ересектерден 4 спортшы Қазақстан намысын қорғап барған болатын.

Сағадат батыр

Ерекше атап өтетін спортшының бірі – 11 жастағы Жібек Құлымбетова.

Жібек ҚұлымбетоваТалай спортшының жауырынын жер иіскеткен спортшы қыздың қоржынында – «Әлем чемпионы», Халықаралық турнирлердің жеңімпазы титулы бар.  Бұл сайыста қырғыз, өзбек, тәжік спортшыларын тізе бүктіріп, алтын алқа қанжығалады. Осы турнирде Жібек Құлымбетова қырғыз, өзбек, тәжік спортшыларын ұтып қана қойған жоқ, ұл балалар арасында чемпион атанған қыз болды.

Жібек Құлымбетова

84 келіге дейінгі салмақта жеңіске жеткен Нұрсұлтан Орынбасаров аталмыш клубтың бапкері. Нұрсұлтан әртүрлі себепке байланыста спорттан біршама уақыт қол үзіп қалған болатын. Өзінің туған күнінде өзіне сыйлық жасаған спортсмен спортқа қайта оралғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, "Sagadat batyr QTT" клубының бапкері Самат Айтпанбет ел абыройын асқақтатып, команда қоржынына алтыннан алқа қосты.

Нұрсұлтан Орынбасаров жетекшілік ететін "Sagadat batyr - QTT" спорт клубының қоржынында жалпы 25 медаль бар: оның 15 алтын, 5  күміс, 5 қола медаль.

Сағадат батыр

Сағадат батыр

Сағадат батыр

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір