• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:15:52
Алматы
+35°

Көптен күткен кездесу! Ақтөбеде туған қызын бейтаныс күтушіге тастап кеткен келіншек ақыры 4 жылдан соң бауыр еті баласын іздеп келді. Ана мен баланың кездесуі қалай өтті? Қамқоршылық орган тағдыры таласқа түскен қызды кімге бермекші? Ал бүлдіршіннің жүрегі нені қалайды? Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды Еуразия бірінші арнасының дерегін негізге ала отырып. 

Биылғы наурыз Әсемгүл үшін ерекше болды. Ол ес білгелі тұңғыш рет туған анасын көрді. Кішкентай қыз содан бері өзіне қымбат жанмен  кездесуді асыға күтеді екен. Қызы мен анасының жүздескен сәтін көргенде балалар орталығындағылар да көздеріне жас алыпты. 

АНАРГҮЛ БАСЫҒАРИНА, ҚИЫН ЖАҒДАЙҒА ТАП БОЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАЙТЫН ОРТАЛЫҚТЫҢ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГЫ: 

«Бұрынғы крестная мама дейді ғой, баққан мамасына барасың ба десем, оны да жақсы көрем, бірақ, өзімнің туған анама барам дейді.  "Інім бар екен, маған ұқсайды. Мен анамды сағындым, анама барамын, күн санап, сағат санап күтудемін" дейді туған анасын тапқанына қатты қуанған қыз.

Анаргүл Басығарина анасымен жүздескенге дейін Әсемгүл тек Марианнаны аузынан тастамайтын болса, қазір екеуін де жақсы көретінін, алайда, өзінің туған анасымен қалғысы келетінін айтады дейді. Осы уақыт ішінде баланы тәрбиелеп, бағып-қаққан Марианна Фотеску қызға бауыр басып қалғанын жасырмады. Ол туған анасынан бүлдіршінді өзіне қалдыруын сұрапты. 

МАРИАННА ФОТЕСКУ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Тек үйіне барғысы келетінін айтады. Кіммен қалатынын Әсемгүл өзі шешеді

Бес жастағы Әсемгүл қазір балаларды қолдау орталығында. Астанадан келген анасы қызын алып кетуге талпынып жүр екен. Жағдайын білуге күнде барып тұрады, ойнатады екен. Осы уақытқа дейін хабар-ошарсыз кеткенім жоқ, түбінде қызымды алып кетем деп Марианна Фотескуға ескерткемін дейді. 

ӘСЕЛ ПІРМАНОВА, ӘСЕМГҮЛДІҢ ТУҒАН АНАСЫ: « Алып кетемін баланы, қалайда алып кетемін. қандай жағдай болмасын, жазда алып кетем деп былтыр ғана телефоннан сөйлескенбіз. Отбасылық жағдайыма байланысты ол уақытта алып кете алмадым, өзімнің 4-ші бөпемді босандым. Бірақ  мен сөйлесіп тұрдым. Мектепке барғанша дайындық курсынан өзім барып алып кететіндігімді айтқанмын.

Тағдыры таласқа түскен титтей қыздың мәселесін әрі қарай қамқоршылық бөліміндегілер шешеді. Арнайы комиссияның отырысы болып, сол жерде Әсемгүлдің тәрбиесімен кім айналысатыны белгілі болады. Отырыс бейсенбіге жоспарланып отыр. 

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір