• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:37:12
Алматы
+35°

05 Наурыз, 2019 Оқиғалар

"Кішкентай бала қатты күйіп қалған..." ШҚО-да тағы бір үй өртенді

Жер үйдің ағаштан тұрғызылған қабырғалары мен шатыры жанған екен

Кеше таңғы сағат төрт шамасында «Металлург-3» бау-бақша қоғамдастығының аумағында өрт шықты. Жанып жатқан үйде қалып қойған алты жастағы бала мен әйел адамды көршісі құтқарып қалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Анықталғандай, жер үйдің ағаштан тұрғызылған қабырғалары мен шатыры жанған екен.

Осы уақытта көрші үйде болған Меруерт Темербаева есімді азаматша өртті дер кезінде байқап, өзі жалғыз жанып жатқан үйден әйел мен баланы тысқа алып шығыпты.

ШҚО

Болған оқиға жайлы екі адамды құтқарып қалған Меруерт Темербаева баяндап берді:

- Өрт шамамен түнгі сағат үштерден кете, төртке таяу басталған екен. Анамның үйінде қонақта болғанмын, өзім ол үйде тұрмаймын. Өртенген үй бізге қарама қарсы орналасқан. Анамның ұйқысы сақ. Түнде терезеге жарық түскенде бірден оянып кетіпті. Мені де оятты. Үйдің өртеніп жатқанын көре сала мен еш киімсіз түнгі іш көйлегіммен тысқа жүгіріп шықтым. Ол кезде өрт енді басталып келе жатқандықтан, үйдің ішіне кіріп кете алдым. Өте қорқынышты. Кішкене бала қатты күйіп қалған. Оны көтеріп тысқа алып шығып, іле-шала жас келіншекке болыстым, - дейді Меруерт Темербаева.

Жанып жатқан үйден алып шыққан әйел адам: «Үйде күйеуім қалып қойды, оған көмектесіңізші», - деп жалынған екен. Бірақ қызыл жалынның қарқыны күшейе түскендіктен, Меруерт үйге қайта кіре алмаған.

- Оның үстіне ер адамды жалғыз өзім көтеріп шығаруға шамам де келмейді. Менің орнымда ер адам болса, мүмкін оны да аман алып қалар ма еді, кім білсін,  - дейді ол.

Меруерт дауыстап айғайлап, маңайдағы көршілерді көмекке шақыра бастаған. Алайда таңғы төртте шырт ұйқыда жатқандар естімеген болу керек, ешкім көмекке келмейді.

- Қайта анамның үйіне кіріп, апайымды ояттым. Екеуіміз бірге жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметін шақырттық.

Зардап шеккендер балалар ауруханасы мен 1-ші қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Жағдайлары ауыр.

Жалын жойқын болғандықтан, баспана толықтай өртенген. Өртті ауыздықтау үшін қосымша тағы бір автоцистерна жіберіліпті. Өрт сөндіру барысында өртеніп кеткен ер адамның мәйіті табылып отыр. Қазір оның жеке басы анықталуда.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір