• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:00:53
Алматы
+35°

08 Сәуір, 2017 NEWS

Кезекті теракт. Стокгольмде қаза тапқандар саны 4 адамға жетті (ФОТО)

Стокгольмде болған теракттың салдарынан 4 адам қаза тапты, бір күдікті ұсталды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі

Стокгольмде болған теракттың салдарынан 4 адам қаза тапты, бір күдікті ұсталды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі РИА жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

«4 адам қаза тапты, 12 адам жарақаттанды, қылмысқа қатысы бар деген бір күдікті ұсталды», деп жауап берді Стокгольмдегі полицей қызметкері Ларс Бистрем SVT телеарнасына берген сұхбатында.

Қала полицейі Ян Эвенссонның мәліметінше, көшедегі топ адамды қағып өткен көлік жүргізушісі табылмаған, тек полицей жүргізушіге ұқсайтын адамды тапқан. Ол әзірше басты күдікті ретінде ұсталып отыр.

Пресс-конференция барысында полицей теракт салдарынан 4 адамның қаза тауып, 15 адам жарақат алғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, 7 сәуірде Стокгольмде теракт орын алды. Жүк көлігі жоғары жылдамдықпен Дроттнинггатан көшесінде серуендеп жүрген бірнеше адамды қағып өтті. 550 метр жүріп өтіп, артынша Ahlens сауда үйіне келіп соғылған. Тергеу нәтижесінде жүк көлігінің Spendrups компаниясынан ұрланғаны анықталды.

Швеция премьер-министрі Стефан Левен Стокгольм орталығында жаяу жүргіншілерді қағу оқиғасын теракт деп бағалады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір