• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:21:50
Алматы
+35°

20 Наурыз, 2019 Әдебиет

"Кеткенменен президенттік орыннан, жүрегімнен кетпейтұғын нұрымсыз"

Сізді көрсе, НҰРДЫ көрсе БІР СІЗДЕЙ, Күллі ғалам ақын болып кетеді!

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлына арнау!

Бір Өзіңіз – асылымыз, тектіміз,
Тектілікпен биік шыңға жеттіңіз!
Қазақстанды бодандықтан құтқарып,
Сіз тұңғыш рет Тәуелсіз Ел еттіңіз!

Бар Әлемді сүйсіндіріп, таң қылып,
Ерледіңіз Астананы салдырып!
Болашаққа батыл қадам бастадық,
Бейбіт күнде біз Рухани Жаңғырып!

Сізбен атты Тәуелсіздік нұр таңы,
Мәңгілік Ел тек биікке шырқады.
Сондықтан да Біздің Тұңғыш Президент – 
Бір Өзіңіз – Тектілердің Ұрпағы!

Биік-биік асқақтасын Ар Туы!
Тәуелсіздік – Тектіліктің Тартуы!
Мен өмірді сүйіп кеттім, НҰР-АҒА,
Өзіңізді жақсы көру арқылы!

Ұлы Далам – бақыттылар мекені,
Аян бізге жер жәннаты екені!
Сізді көрсе, НҰРДЫ көрсе БІР СІЗДЕЙ,
Күллі ғалам ақын болып кетеді!

Күн нұрымен аспан күлер ашылып,
Сол бір нұрдай көркем жансыз хас ұлық.
Ерледіңіз талай істе ел үшін,
Қазақстанның абыройын асырып!

Құрметтісіз үлкенге де, жасқа да,
Көтердіңіз талай бейбіт бастама.
Нығыметі, Жаратқанның Нұрысыз,
Нұрды көрсе – тіл бітеді тасқа да!

Әнұраны, Елтаңбасы, Туы бар,
Тәуелсіздік қадірін ел ұғынар.
Өзіңізбен бірге жасап, бір өсіп,
Қазақ Елі іс тындырды қыруар!

Қыранқанат Күн астында қағылар,
Жаныңыздың даналығын жан ұғар.
Өзіңіздей Тұлға туған Қазақтың,
Бұл жалғанда бес елідей бағы бар!

Қазақстанның өсірдіңіз өркенін,
Сізге тән ғой көркем мінез, көркем үн.
Мейіріммен жол аштыңыз жастарға,
Егеменді елдің ойлап ертеңін!

Кемеңгерім, көрегенім, жырымсыз,
Бір жаңалық жеткіздіңіз бүгін, Сіз.
Кеткенменен Президенттік орыннан,
Жүрегімнен кетпейтұғын НҰРЫМСЫЗ!

Балтабек Нұрғалиев

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір