• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:49:08
Алматы
+35°

11 Қыркүйек, 2018 NEWS

Кентауда жаңа технологиялармен жабдықталған инсульт орталығы іске қосылды

Аурухана базасында ашылған инсульт орталығы компьютерлік томографиямен жабдықталған

Түркістан облысының Кентау қаласындағы қалалық орталық ауруханасында заманауи жоғары технологиялық тексеру мүмкіндігі бар инсульт орталығы пайдалануға берілді.

Аурухана базасында ашылған инсульт орталығы компьютерлік томографиямен жабдықталған. Заман талабына сай жаңа қондырғы инсульт пен бас ми жарақатын нақты анықтауға мүмкіндік береді.

Заманауи үлгідегі медициналық құрылғы Жапондық Optima 540 компьютерлік томографиясын сатып алуға облыстық бюджет есебінен 269,5 млн. теңге бөлінген.

Ендігі кезекте Кентаулықтарға аталған медициналық қызметті алу үшін басқа қалаға сапар шекпеуіне де болады.

Жаңа технология, адам денсаулығы сыр бергеннен сырқатты анықтап береді.

«Компьютерлік томография ауруды алғашқы белгілерінен-ақ анықтауға мүмкіндік береді. Аппараттың көмегімен бастағы ісіктер мен қабыну процесін, сүйек құрылымындағы аурулардың ауыр жағдайының өзін нақты табуға болады», – дейді мамандар.

Сонымен қатар, мұндай технология арқылы кеудені, асқазан, аш ішектің, мұрын қуысы мен бүйректегі ауытқуларды тексеруге болады.

Еске сала кететін жайт, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың айтуынша, келесі жылдан бастап жаңа облыс орталығында бірнеше аурухана мен емханалар, перзентханалар мен заманауи талапқа сай емдеу орталықтары бой көтермек. Жобалау жұмыстарына шетелдік компаниялар да тартылады деп күтілуде.

«Жоспар бойынша облыс орталығынан 610 орындық облыстық көпсалалы аурухана салынады. Екіншіден, облыстық балалар ауруханасына қосымша 150 орындық ғимарат құрылысын бастау қолға алынып жатыр. Сондай-ақ, 500 келушіге арналған емхана мен облыстық қан және СПИД орталықтарының, туберкулезге қарсы және онкологиялық диспансердің құрылысы басталады. Бұл мақсатта жобалау-сметалық құжаттарына қажетті қаржы бөлінді», –дейді басқарма басшысы.

Айта кетелік, компьютерлік томография ағзаның барлық бөлімдері мен жүйелеріне зерттеуді жүргізуге мүмкіндік береді. Қарама-қарсы түстерді қолданып, бағдарламаның арнайы пакеттерін қосу арқылы жүректің атеросклерозы күре тамырының зақымдану деңгейін анықтауға, остеопороз ауруына күдіктенген жағдайда, сүйек тіндерінің минералды тығыздығын анықтай алады. Компьютерлік томографты әртүрлі бағдарламалармен жүргізу сапасы Фрайбург қаласы Университеттік клиникасының жетекші мамандарымен жоғары бағаланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір