"Келіншегің көтерді ме?" – бұл еркек айтатын сөз емес

"Келіншегің көтерді ме?" – бұл еркек айтатын сөз емес
Ⓒaqmeshit-aptalygy.kz

Бірде көптен көрмеген 3-4 жігіт жолығысып қалдық. Аман-саулық сұрасып болғасын:

– Көрмегелі көп болды, не жаңалықтарың бар? – дедім.

– Үйлендім, 3 ай болды – деп бірі қуанышын жеткізді. Құтты болсын айтыстық. Сөйтіп тұрғанда енді бірі:

– Қалай, келіншегің көтерді ме? – деп сұрақты төтесінен қойды. Үйленген жігіт қысылып, қызарақтап, түрі бұзыла бастады. Мен төбемнен біреу су құйып жібергендей болдым. Шыдай алмай:

– Сұрағың ыңғайсыз екен?– дедім. Содан ол үнсіз қалды да, әңгіменің ауаны басқа жаққа бұрылды. Әлгі жігітке кейін түсіндірдім. Несін жазғырайын, мүмкін кішкентайлы болғанын қалағасын сұраған шығар. Бірақ, бұл еркектің айтуы тиіс сөзі емес еді. Жиі байқап қалам, соңғы кезде жігіттер арасында «келіншегің көтерді ме?» деп сұрап қап жатады. Қайталап айтайын, бұл еркектің айтатын сөзі емес. Осындайда бұрынғы қазақтың кесек мінез, бекзат болмысы еске түседі. Еріксіз қайран қалам!

Әрбір ата-ана қызын ұзатқаннан кейін оның перзентті болғанын қалайды, сол үшін Ұлы Алладан дұға тілейді. Аяғы ауыр болғанын білгісі де келеді. Бірақ, әкесі, ағасы тұрмақ, шешесінің өзі оны қызынан сұрамайтын болған бұрын. Өйткені, оны сұрау ұят деген ұғым қалыптасқан. Я, ақ некелі адал жары. Алланың да, адамның да алдында ары таза. Десе де, бұл тілмен айтып түсіндіре алмайтын қазаққа тән ұят, иба, инабат. Оны қыздың өзі де төркініне ашықтан-ашық жариялаудан қысылады. Бірақ, аяғы ауыр болғанын қыздар шешесіне білдірген. Сонда қалай? Ол былай.

Өз елінен жыраққа келін болып түскен қыз алғашында әке-шешесінің аялы алақанын, ыстық құшағын сағынады. Іздейді. Мүмкін оңашада жылап та алатын шығар. Мұны қазақ жақсы біледі. Міне, осы кезде қыздың әке-шешесі құдасын әулетімен бірге «ірге көрсету»деген салтты негізге алып, қонаққа шақырады. Сөйтіп, құдалар арқа-жарқа болып қауышады. Қыз төркініне келгесін әбден сағынышын басады. Осы кездің өзінде қанша білгісі келгенмен анасы қызынан «аяғың ауыр ма?» деп сұрауға қысылады, қызы да айтпайды. Тек сөздің реті келгенде анасына: «бір жылға дейін келе алмайын деп тұрмын» дейді. Енді ойланып көріңізші! Неге бір жылға дейін келе алмайды? Өйткені, қазақтың келіні жүкті болып, іші біліне бастаған кезде ағасының, әкесінің көзіне түспеуге тырысады. Сондықтан, ол босанып, баласы қатайғанша ешқайда бара алмайды. Енді қараңызшы, құрсақ көтергенін қалай жеткізеді, ә?! Бәрін іштей түсіне қойған анасы ақылын айтып, кеңесін береді.Ана жүрегі нәзік қой, енді қызының аман-есен босануын Алладан тілейді. Кезінде анасының қызына қоюға батпаған сұрағын бүгінде жігіттердің аузынан естігенде қынжыласың?! Қазақы танымның жоғалып, болмыстың өзгергені жүрегіңді ауыртады.

Айдос Марат

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ

    1
    "Тірісінде болмап еді бағалы..."
    21/05 16:41 0 0
    2
    Атырауда ағымдағы жылдың соңына дейін қайта жаңғыртылған Исатай - Маxамбет алаңы ашылады
    21/05 16:31 0 946
    3
    Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі тұрғындарды сайлауға қатысуға шақырады
    21/05 16:24 0 22
    Головкин-Роллс жекпе-жегін қазақстандықдар қаншада тамашалай алады?
    21/05 16:22 0 28
    "1 секундта ақшаңыздан айырыласыз": Әккі алаяқтардың жаңа айласы қандай?
    21/05 15:55 0 68

    Таныстырылғандар

    Сатқын саясаткер түрмеге тоғытылғалы жатыр
    Сатқын саясаткер түрмеге тоғытылғалы жатыр
    Сатқын саясаткер түрмеге тоғытылғалы жатыр
    ҰҚК мәлімдеуі бойынша, "БАҚ туралы заңның" талаптарына сәйкес, мекеме сотқа дейінгі жасалатын амалдар туралы мәлімет бермеуге құқылы-мыс.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 09:43 1 735
    Атырау облысында 500-ге жуық мұғалім жетіспейді
    Атырау облысында 500-ге жуық мұғалім жетіспейді
    Атырау облысында 500-ге жуық мұғалім жетіспейді
    Атырау облысында 500-ге жуық мұғалім жетіспейді
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 13:06 0 203
    Тоқаев vs Қосанов: Марғұлан Сейсембай таңдаудың 4 жолын айтты
    Тоқаев vs Қосанов: Марғұлан Сейсембай таңдаудың 4 жолын айтты
    Тоқаев vs Қосанов: Марғұлан Сейсембай таңдаудың 4 жолын айтты
    Достар, көптеген адамдардың сұрақтарына жауап беру үшін мен мына сайлау науқаны жөнінде кішігірім талдау жасадым.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 15:00 0 2921
    Маңғыстауда 2 миллиард доллар көлеміндегі жаңа инвестициялық жобалар жүзеге аспақ

    17/05/2019 15:50 0 273
    Бердібек Сапарбаев: Мен де "грузчик" болдым (видео)
    Бердібек Сапарбаев: Мен де "грузчик" болдым (видео)
    Бердібек Сапарбаев: Мен де "грузчик" болдым (видео)
    Кейін министр өзінің бір күндік өмірі турал айтып берді.
    Аудио тыңдау
    18/05/2019 22:46 2 1773
    Париж әуежайы қаңғыбастардың баспанасына айналды
    Париж әуежайы қаңғыбастардың баспанасына айналды
    Париж әуежайы қаңғыбастардың баспанасына айналды
    Заңсыз иммигранттар Франциядан депортация қарсы екендігі туралы жан айқайын ел басшылығына жеткізе алмай отыр
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 07:59 0 216
    БҰҰ сарапшысы Қазақстандағы интернет бұғатталғанына қатысты пікір білдірді
    БҰҰ сарапшысы Қазақстандағы интернет бұғатталғанына қатысты пікір білдірді
    БҰҰ сарапшысы Қазақстандағы интернет бұғатталғанына қатысты пікір білдірді
    БҰҰ өкілі командасымен бірге Қазақстандағы интернет бұғатталғанына куә болғанын айтты.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 11:03 0 372
    "Аузыңды жап дейтін": Сириядан келген әйел сұмдық жайттар туралы айтты (видео)
    "Аузыңды жап дейтін": Сириядан келген әйел сұмдық жайттар туралы айтты (видео)
    "Аузыңды жап дейтін": Сириядан келген әйел сұмдық жайттар туралы айтты (видео)
    Қазіргі таңда психологтармен дәрігерлердің бақылауында.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 11:20 0 3689
    Ішімдікке сылқия тойған әйел бала ұрламақ болды (видео)
    Ішімдікке сылқия тойған әйел бала ұрламақ болды (видео)
    Ішімдікке сылқия тойған әйел бала ұрламақ болды (видео)
    Желі қолданушылары бұл оқиғаны сәтсіз шығып қалған "бала ұрлау операциясы" деп атауда.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 12:36 0 477
    "Бізді пайдаланды": Ержан Максимнің анасы мәлімдеме жасады (видео)
    "Бізді пайдаланды": Ержан Максимнің анасы мәлімдеме жасады (видео)
    "Бізді пайдаланды": Ержан Максимнің анасы мәлімдеме жасады (видео)
    Ал анасы бұл сөздің екінші мағынасы барын кейін білгенін айтты.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 13:00 0 1293
    Арменияда екінші революция. Армяндар неге бүлінді?
    Арменияда екінші революция. Армяндар неге бүлінді?
    Арменияда екінші революция. Армяндар неге бүлінді?
    Ереванда тұрғындар сот ғимараттарын қоршап алды
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 15:55 0 1950
    Терминалдың соры  болған қарақшылар қолға түсті (видео)
    Терминалдың соры болған қарақшылар қолға түсті (видео)
    Терминалдың соры болған қарақшылар қолға түсті (видео)
    Алматы облысында қарақшылықпен айналасқан қылмыстық топ ұсталды
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 16:53 0 255
    Атышулы атыраулық полицей ақыры "атынан" түсті (видео)
    Атышулы атыраулық полицей ақыры "атынан" түсті (видео)
    Атышулы атыраулық полицей ақыры "атынан" түсті (видео)
    Аян Дүйсембаевтың өзіне сыйланған атқа мініп басы дауға қалған болатын
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 18:02 0 2405
    Әлібек Науаров Құлсарыдан Ақкиізтоғайға дейін 31 шақырымды қалай жүгіріп өтті?
    Әлібек Науаров Құлсарыдан Ақкиізтоғайға дейін 31 шақырымды қалай жүгіріп өтті?
    Әлібек Науаров Құлсарыдан Ақкиізтоғайға дейін 31 шақырымды қалай жүгіріп өтті?
    Жүгіру үшін дүйсенбіні я болмаса сәрсенбінің сәтін күтудің қажеті жоқ
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 11:33 0 190
    Атырауда ағымдағы жылдың соңына дейін қайта жаңғыртылған Исатай - Маxамбет алаңы ашылады
    Атырауда ағымдағы жылдың соңына дейін қайта жаңғыртылған Исатай - Маxамбет алаңы ашылады
    Атырауда ағымдағы жылдың соңына дейін қайта жаңғыртылған Исатай - Маxамбет алаңы ашылады
    Атырауда ағымдағы жылдың соңына дейін қайта жаңғыртылған Исатай - Маxамбет алаңы ашылады
    21/05/2019 16:31 0 946