• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:53:24
Алматы
+35°

05 Желтоқсан, 2018 NEWS

Келінінен кек алу үшін немересін өлтірген

Бехрузжонның анасы Гүлсанам баласын өлтірген енесін кешіргенін мәлімдеді.

Тәжікстанның Хатлон облыстық прокуратурасы үш жастағы немересін тірідей көміп тастаған әженің ісін тергеп болды. "Кісі өлтіру" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қайғылы оқиға 12 қыркүйекте Навобод ауылында болған. 58 жастағы Ходжарой Ашурова туған немересі Бехрузжонды тұншықтырып, одан соң балшыққа көміп тастаған.

"Тергеуде Ашурова баланы келіні Гүлсанам Боймұродовадан кек алу үшін өлтіргенін мойындаған", - деді дереккөз.

Бехрузжонның анасы Гүлсанам баласын өлтірген енесін кешіргенін мәлімдеді. "Мен күйеуіммен ажыраспаймын, бірақ ол үйде тұра алмаймын. Онда барлығы баламды еске түсіреді", - деді ол.

Ашурова немересі суға батып кетті деген соң, Бехрузжонның мәйітін іздеу басталған. Бірақ алтыншы күні баланың денесі басқа жерден табылған.

Сот жақын күндері басталады. Сотталушы 8 жылдан 15 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір