• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:36:48
Алматы
+35°

13 Қазан, 2018 Аймақтар

"Келіндер бәйгесі": «31 арнада» реалити-шоудың алтыншы кезеңі басталды

Шоу дүйсенбі мен жұма аралығында күн сайын сағат 15.00-де көрсетілетін болады

Шоу дүйсенбі мен жұма аралығында күн сайын сағат 15.00-де көрсетілетін болады.

15 қазаннан бастап сағат 15.00-де «31 арнада» еліміздегі ең жоғары рейтингке ие «Келіндер бәйгесі» реалити-шоуы эфирге шығады. Жыл өткен сайын той өткізуге деген талап күшейіп, жаңа трендтер пайда болып, жобаға қатысушылар саны да артып келеді. Сол себепті біз де үйлену тойына арналған дәстүрлерді жаңғыртып, заман табалына сай жаңартуды қолға алдық.

«Келіндер бәйгесі» жобасының жаңа маусымында еліміздің Алматы, Қызылорда, Шымкент және Сарыағаш секілді қалаларындағы қалыңдықтарға басымдық бердік.

Алматы қаласында түрлі ұлт өкілдерінің нтернационалды тойлары жиі өтеді. Мәселен, алтыншы маусымды арнамыздың көрермендері ұйғыр мен көрей халықтарының құдаласқанына куә болады. Продюсерлердің айтуынша, жобаға, негізінен, 18-28 жас аралығындағы қалыңдықтар қатысады.

"Келіндер бәйгесінің" жаңа маусымында қалыңдықтар тойды ұйымдастыру жұмыстарын толықтай өз мойындарына алып, егжей-тегжейіне дейін өздері ойластырады. Ал ағайын-туыс тойға тек қана қонақ болып келеді.

"Біз жыл сайын жобаға қатысушылар іріктейміз. Қалыңдық таңдағанда нақты бір талаптарды басшылыққа алмаймыз. Жоба қазақ тілінде жүреді. Алайда орыстілді аудитория үшін бағдарламаны титр арқылы орысшаға аударып ұсынамыз. Қазіргі таңда тойды әркім іртүрлі форматта өткізеді. Алайда біздің жоба қалың көпшілікке жаңадан сәнге енген жоралғылар мен ұлттық салт-дәстүрлерлі үйлестіріп ұсынғанды жөн көреді», - дейді «31 арнаның» бас продюсері Нұржан Мұхамеджанова.

Жыл өткен сайын қатысушылардың той ұйымдастыру тәжірибелері артып, сыни көзқарастары күшейіп келеді. Әсіресе безендіру мен дастарқанды әспеттеу жұмыстарына келгенде ерекше талғампаздық көрсетуде. Жоба жасаушылардың айтуынша, қазіргі жастар мерекелік бағдарламаның бірегейлігіне, пайдалы тағамдар мен жанды музыкаларға ерекше мән беретін болған.

«Келіндер бәйгесі» жобасының әрбір жаңа маусымы – той индустриясындағы жаңа жоралғылар мен жаңа үдерістерге толы. Әсіресе, қызылордалықтардың тойды қалай өткізетінін ерекше атап өткім келеді. Ол жақтың қалыңдықтарының бәрі пысық әрі «ер мінезді» екен. Өз тойларына ерекше көңіл бөліп, той салтанатының әрбір бөлшегіне асқан жауапкершілікпен қарайды. Бұл қаланың тойлары көңілді өтеді. Қонақтардың той кезіндегі жарыстарға өте белсенді қатысатындары қатты ұнап қалды», - дейді жобаның продюсері Жұлдыз Килибаев.

Реалити-шоудың ережесі бойынша еліміздің әртүрлі қалаларынан жиналған төрт қалыңдық бір-бірінің тойына қатысып, тойдың ұйымдастырылу деңгейіне өз бағасын береді. сонымен бірге, жоба барысында «31 арнаның» көрермендері той сарапшыларынан кәсіби кеңестер алады. Маусымның қорытындысы бойынша ең үздік той иесі деп танылған жеңімпаздар сыйлыққа арнамыздың атынан бал айына жолдама алады.

Шоу дүйсенбі мен жұма аралығында күн сайын сағат 15.00-де көрсетілетін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір