Келін деген кім?

Келін  деген кім?
Ⓒqamshy.kz

Келін деген кім? Келін деген келген кісі. Қа­зақ солай бола тұра келінді қонақ де­мей­ді. Керісінше, қыз баланы қонақ деу дәстүрі қалып­­тасқан. Келін қонақ емес, ол отбасы­ңыз­ға енген бақ, береке. Келін дүниеге ұрпақ әкелуші, демек, ол отбасының ырысы мен өрісі. Бұл деген керемет мағына. «Қыз өссе, елдің көркі», деген мәтел  осындай мәнге орай ай­тылса керек. Келін тастай батып, судай сіңу ниетінде бөгде үйдің есігін аш­қалы отыр, онысы ерлік…» (философия ғылымдарының докторы, академик - Ғарифолла ЕСІМ, «Егемен Қазақстан» газетіндегі мақаласынан үзінді)

Енді ол ұғым туралы өзімнің ойымды білдірсем...

Келін болу – барған үйіңнің тірлігін атқарып, отымен кіріп, күлімен шығу, тамағын жасап, кіріп жуу, қонағын күтіп, кеш жатып, ерте тұру... Иә, тағысын тағы осы сынды бітпейтін тірліктер шығар. Дегенмен, менің ойымша, келін болудың негізгі мақсаты ол – сол барған үйіңнің ұрпағын дүниеге әкелу, үрім-бұтағын көбейту, жақсы келін, жақсы жар, жақсы ана болу. Ал, жоғарыда аталған бітпейтін тірліктер сол үйге келін келмей тұрып та атқарылған, өз уақытында істеліп тұрған жұмыстар.

"Келінді болды – ененің қолы ұзарды" деп жатады. Иә, әрине, келін үй тірлігіне, енесіне, қайын сіңлі, қайны әпкелеріне жәрдемдесіп, сол үйдің тірлігін кешіп, бірге етене араласып кетері онсыз да айқын нәрсе. Дегенмен, келінді қазан-ошақтың маңынан шықпай, тек үй тірлігін істей беретін, шаршамайтын роботтай көру, меніңше, қателік. Оның тұрмысқа шықпай тұрып та өзіндік қызығушылықтары, хоббиі болған. Әлі де сонымен айналысқысы келетін шығар. Ол да – адам. Ол да туыстарына, достарына барып, не болмаса кітап оқып, тоқымасын тоқып, қызығушылықтарымен айналысқысы келетін шығар? Ол әлдекім айтпақшы, «құлдыққа» келмеген шығар?

Қыз бала «бақытты болам деп емес, барған жерімді бақытты қыламын» деп барады дегенді көп естідім. Демек, қанша жерден қыз бала «уақыты келді, отырып қалдым» деп неше жаста тұрмысқа шықса да, түпкі ойы – сол, яғни, барған жерін бақытты қылуға талпыну. Егер адам шын қаласа, ниет етсе, сөзсіз ол тілегіне де жетеді...

Егер де келін әлдебір істі білмей жатса, әлдебір тамақты жасай алмай жатса, оған басқаша көзбен қарап, сол білместігін үлкен қателік деп ойлайтындарға таң қаламын. Білмегенін үйренеді, білетінін үйретеді. Ешкім де тұрмысқа шықпай тұрып, келін мектебін оқымайды ғой. Анасының үйреткенін, өздігінен үйренгенін ғана істеп біледі. Білмегенін енді үйренетін болады. Оған бола оны сөгіп, бір білместігіне бола жаманатты ету қателік емес пе? Қыз бала онсыз да қолынан келгенін аянбасы, білмегенін үйренуге талпынары анық.

Қыз баласына да көзін тырнап ашқалы көріп жүрген әке-шешесін, бауырларын, туыстарын, достарын қиып, өмірі-ғұмыры көрмеген, білмеген, тек тұрмысқа шыққан жолдасын ғана танитын, өзіндік ерекшілігі, өзіндік салты, ережесі бар бөгде ортаға «топ ете» түсу оңай ма екен? Қанша жерден «тұрмысқа шығамын» деген қуаныш сезімі болса да, жүрек түбінде сонша жылғы көз қуаныштары мен жанына жақын адамдарын қиып кету тым қиын-ақ. Қыз орнында болмаған соң оны жігіт адам түсіне де бермейді. Тіпті келінді болған үй бұған дейін қыз ұзатып көрмеген болса, ол үйдің адамдары да оны түсінбейді. Сонша уақыт мәпелеп өсіріп, оқытып, тоқытып, баққан көз қарашығын өзге ұяға шығарып салу, ұзату қайсы әкеге, анаға, бауырға болсын ауыр тиері анық. Сондықтан да келінді болған үй "біреудің мөлдір қарашығын аманат етіпп алдық" деп, өз баласындай көрсе, сонда бәрі де орынды болады деп ойлаймын...

Аллаға шүкір, барған жерім – өзімнің екінші үйімдей. Бірден үйренісіп, сол үйдің қызындай болып кеттім. Келін деп бөліп, жұмысты үйіп тастап, не болмаса адамдар өздері ойлап тауып алған болмайтын «келіндік міндеттер тізімі» де жоқ. Аллаға сансыз мадақ айтамын. Әкемнің, бауырларымның, ұзатылғанымды көрмей кеткен анамның, дос, туыстардың тілегінен болса керек, барған үйім – нағыз өзім қалаған құтты мекендей. Ол жер -  Алла қаласа, бағым. Иә, кішкентай ғана саялы бағым. Алла қаласа, ата-енемнің, жолдасым екеуміздің тәп-тәтті, жұпар иісті жемістеріміз өсетін кішкентай ғана бағымыз...кішкентай ғана мемлекетіміз...

PS: ...көп айтылатын тілектің бірі - "барған жеріңе балдай/тастай батып, судай сің". Барған жерге балдай батып, судай сіңу үшін де барған жердің сені балдай, судай етіп қабылдайтын ниеттері болуы керек...

Мақпал Сембай

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 2 ай бұрын

    Өте дұрыс, кей енелер осыны да білмейді, көп нəрсені анамнан үйреніп алғанмын, сол сөзді айтам деп бəлеге қалдым, қарап жүріп үйреніп аласың, не бірге істеп жүріп үйреніп аласың, ал енеме ішек-қарын аршуды мен үйреттім, керісінше😁

    1
    Қырғыздардың сүйіктісіне айналған қазақ көкпаршысы (видео)
    19/05 18:21 0 124
    2
    Арнольд Шварценеггерге шабуыл жасаған кім? (видео)
    19/05 18:11 0 119
    3
    Қазақстандағы жалғыз каллиграф – Асылбек Орынбасаров (сұхбат, фото)
    19/05 17:50 0 87
    Ғажап! Мешіт күмбезін көтеруге көмектескен көгершін(видео)
    19/05 16:36 0 305
    Жол апаты әйел адамның өмірін жалмады (видео)
    19/05 14:01 0 647

    Таныстырылғандар

    Байығыңыз келсе...
    Байығыңыз келсе...
    Байығыңыз келсе...
    Біреулер "қалай байысам" деп ойлап жүргенде, байлар табысқа ерекше жолмен қарайды.
    Аудио тыңдау
    15/05/2019 12:42 0 895
    Білім және ғылым министрлігі түлектер кешіне қатысты мәлімдеме жасады
    Білім және ғылым министрлігі түлектер кешіне қатысты мәлімдеме жасады
    Білім және ғылым министрлігі түлектер кешіне қатысты мәлімдеме жасады
    Енді түлектер мектеп бітіру кешінде лимузин жалдап, айтулы күнді қымбат мейрамханада өткізбейді...
    Аудио тыңдау
    15/05/2019 12:42 0 522
    Алматыдан 44 шақырым қашықтықта жер сілкінді
    Алматыдан 44 шақырым қашықтықта жер сілкінді
    Алматыдан 44 шақырым қашықтықта жер сілкінді
    Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ
    Аудио тыңдау
    15/05/2019 14:10 0 331
    Алматыда барлық бағыттағы автобус және метрода жол жүру тегін болады
    Алматыда барлық бағыттағы автобус және метрода жол жүру тегін болады
    Алматыда барлық бағыттағы автобус және метрода жол жүру тегін болады
    Бұл күні шамамен 700 мың азамат тегін жол жүреді деп болжап отырмыз.
    Аудио тыңдау
    15/05/2019 14:15 0 429
    “Анашым, біз үйдеміз” бағдарламасына қалай қатысуға болады?
    “Анашым, біз үйдеміз” бағдарламасына қалай қатысуға болады?
    “Анашым, біз үйдеміз” бағдарламасына қалай қатысуға болады?
    "Анашым, біз үйдеміз" бағдарламасы биыл 11 тамыздан бастап "31 арнадан" көрсетіледі.
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 12:52 0 198
    Кішкентай ханзада: Экзюпери туралы біз білмейтін құпия
    Кішкентай ханзада: Экзюпери туралы біз білмейтін құпия
    Кішкентай ханзада: Экзюпери туралы біз білмейтін құпия
    Мен өзімнен кейін керемет естеліктер қалғанын және сендердің менің бар болмысымды ұмытпай сақтағандарыңды қалаймын...
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 16:43 0 230
    Елордадағы митинг: Сұлтанов сұраққа жауап беруді ғана біле ме? (видео)
    Елордадағы митинг: Сұлтанов сұраққа жауап беруді ғана біле ме? (видео)
    Елордадағы митинг: Сұлтанов сұраққа жауап беруді ғана біле ме? (видео)
    16 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында көп балалы және жалғыз ілікті аналардың наразылығы өтті
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 17:14 0 2737
    Жаңа жоба бастаған кәсіпкердің 7 қателігі
    Жаңа жоба бастаған кәсіпкердің 7 қателігі
    Жаңа жоба бастаған кәсіпкердің 7 қателігі
    Алғашқы жарна салушылардың көпшілігі "қымбат әрі сәнді" ғимарат табуды көздейді. Бірақ көпшілігінде осы дүние дұрыс шықпай жатады.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 02:09 0 428
    Екі шетелдік азамат Алматы қаласында көлік ұрлап ұсталды
    Екі шетелдік азамат Алматы қаласында көлік ұрлап ұсталды
    Екі шетелдік азамат Алматы қаласында көлік ұрлап ұсталды
    Ұсталғандар көлікті Алматы қаласында танымайтын адамнан сатып алғанын айтқан...
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 10:07 0 386
    Нәзір Төреқұлұлы: Біздің қазақтың шала оқығаны "-ов"-қа жерік
    Нәзір Төреқұлұлы: Біздің қазақтың шала оқығаны "-ов"-қа жерік
    Нәзір Төреқұлұлы: Біздің қазақтың шала оқығаны "-ов"-қа жерік
    Осы күнге шешілмеген бір мәселе –  қазақ аты-жөнінің орысшаланып жазылуы.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 10:38 0 235
    Табыс – ол ақша мен жайлы өмір емес
    Табыс – ол ақша мен жайлы өмір емес
    Табыс – ол ақша мен жайлы өмір емес
    Көп ақшаға ие болған адамның шын бақытты болары екіталай. Елдерге саяхаттап, әртүрлі тағамдардың дәмін татып, ең жақсы киімдерді киіп жүру де табысқа жатпайды.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 11:37 0 216
    Тоқаев vs Қосанов: Марғұлан Сейсембай таңдаудың 4 жолын айтты
    Тоқаев vs Қосанов: Марғұлан Сейсембай таңдаудың 4 жолын айтты
    Тоқаев vs Қосанов: Марғұлан Сейсембай таңдаудың 4 жолын айтты
    Достар, көптеген адамдардың сұрақтарына жауап беру үшін мен мына сайлау науқаны жөнінде кішігірім талдау жасадым.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 15:00 0 2737
    Назарбаев пен Тоқаев орындарын шатастырып алды (видео)
    Назарбаев пен Тоқаев орындарын шатастырып алды (видео)
    Назарбаев пен Тоқаев орындарын шатастырып алды (видео)
    Кейін сол жердегі қызметкерлерлердің айтуымен Назарбаев пен Тоқаев орын алмасады.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 16:30 0 5648
    "Балаларды өлтіруді доғарыңдар!"
    "Балаларды өлтіруді доғарыңдар!"
    "Балаларды өлтіруді доғарыңдар!"
    Құдайдан қорықсаңдар етті!
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 16:56 0 466
    Адамдар, бір-бірімізге күн болмаса да, күннің сәулесін сыйлайықшы...
    Адамдар, бір-бірімізге күн болмаса да, күннің сәулесін сыйлайықшы...
    Адамдар, бір-бірімізге күн болмаса да, күннің сәулесін сыйлайықшы...
    Адамдар, біз неге қатыгез болып барамыз?
    Аудио тыңдау
    18/05/2019 17:45 0 174