Келер жылы мұнай бағасы 40 долларға дейін түсуі әбден мүмкін

Келер жылы мұнай бағасы 40 долларға дейін түсуі әбден мүмкін
Ⓒqamshy.kz

Өткен аптада Brent маркалы мұнай бағасы рекордтық көрсеткішке дейін төмендеп баррельі 54,97 долларға бағаланды. Осы саланың сарапшылары «2017 жылдың қыркүйек айынан бері мұнай бағасы бұлай төмендемеген» деп отыр.

Ресейлік экономист-сарапшылардың пайымдауынша, 2019 жылдың қаңтар айында-ақ  қара алтынның бағасы 40 долларға дейін төмендеуі әбден мүмкін. Ресейдегі «Взгляд» экономикалық сараптау орталығының маманы Ирина Викторованың айтуынша, келер жылы мұнай бағасының күрт төмендеуіне бірнеше себептер бар. Бұл ретте ол «қазір мұнай өндіру көлемін тәулігіне 1,8  млн баррельге жеткізу жайы жиі қозғалады. Бұл дегеніңіз - алты айдың ішінде мұнай өндіру көлемі 100 млн баррельден асып кететінін көрсетеді. Сұраныстың аздығына қарамастан Сауд Арабиясы мен АҚШ мұнай өндіру көлемін шектемей отыр. Бұған қоса Қытай экономикасы да әлсіреп кетті. Әлемдік экономикаға қысым түсуде. Сондықтан мұнай бағамы келер жылдың қаңтар айында-ақ 40 долларға төмендеуі  әбден мүмкін» - деді.

Отандық мамандар бұл ретте Ресей сарапшысы пікірінің жаны бар екенін алға тартты. Экономика ғылымының докторы Марал Төртенованың айтуынша, алдағы уақытта біздің атқарушы билікке мұнай бағасының төмендеуіне төтеп беретін экономикалық бағдарламалармен жұмыс істеуге тура келеді.

«2018 жылғы нарыққа шығарылған мұнайдың көлемі 2017 жылғы шығарылған мұнайдан 2,8 млн баррель артық. Мұнай өндіруші елдердің мұнайды сатылымға көптеп шығаруы жағдайды осыған әкелді.  Қазір қайсыбір сарапшылар «АҚШ, Ливия, Сауд Арабия бірігіп келісімге келіп Ресей мен Қытайды тұқырту үшін осылай істеп отыр. Кезінде Кеңес өкіметін күйретер тұста АҚШ тура осы саясатты ұстанған. Ол кезде мұнайдың бағамы 20 долларға дейін түсіп кеткен» дегенді алға тартады. Өз басым, мәселенің астары тек мұнда ғана емес екенін айтқым келеді. Қазір АҚШ-тың сыртқы қарызы көбейіп кетті. АҚШ-та ірі-ірі компаниялардың банкротқа ұшырауы жиіледі. Енді бюджеті кеміген АҚШ осы тығырықтан шығу үшін ірі көлемді мұнай өндіріп табысын еселеуге тырысты. Бірақ бұл да алпауыт елдің кірісін еселей қоймады. Нарықта шикі мұнайдың көбеюі тағы бір дағдарыстың болатынынан хабар беріп отыр. Сондықтан біздің атқарушы билікке осы дағдарысқа төтеп беретін экономикалық бағдарламамен жұмыс істеуге тура келеді», - дейді экономист-ғалым Марал Төртенова.

Жалпы, мұнай бағасының кері кетуі валюталар бағамына да, жалпы ішкі өнімге де, экономиалық рейтингке де кері әсер ететінін біз бұған дейін де жазып келдік. Сарапшылар нақ қазір мұнай бағасын реттеу  ОПЕК-ке де қиын бола түсетінін алға тартты. Бұған қатысты «Барометр» орталығының экономист-сарапшысы Дәурен Арын «бір-екі жылда мұнай бағасы реттеледі деу қиын» дейді.

«Бір-екі жылда мұнай бағасы тұрақталады деп айту қиын. Мұнай бағасын реттеуге қазір ОПЕК-тің де күші келе қоймайды.  Бүгінде АҚШ-тың мұнай терминалдары Ирак пен Ливияның арзан мұнайына толып тұр. Американың өзі де  мұнай өндіруде,  Сауд Арабиясын қуып жетіп бірінші орынға көтерілді.  Мойындау керек,  әлем әзірге АҚШ-тың қас-қабағына қарап бет түзейтіні белгілі. Демек, АҚШ мұнай бағасын реттеуге өзі кіріспесе, жағдай қиындай бермек. Ол әсіресе, бюджетін мұнайдан түскен түсіммен  толтырып отырған көптеген елдерге соққы. Қазақстанға да жеңіл болмайды.    Үкімет «пессимистік сценарийге дайынбыз» деп бюджетті жоспарлап қоятыны белгілі. Қазір  мұнай кем дегенде 30 пайызға арзандады. Бұдан да түсуі мүмкін. Демек, бюджетіміз 30 пайыздық пайдадан қағылды деген сөз.  Қашан мұнайға сұраныс пен ұсыныс теңеседі, сол кезде қара алтын қайтадан күшіне енеді.  Әзірге мұнай бағасы тұрақтанады деп айту қиын. Бұрынғы бареллі 150 доллар тұратын мұнайдың  дәурені өткенін түсінуіміз керек. 2018-2020 жылдардағы ел бюджетін бекіткенде біздің Үкімет мұнай бағамы 60 доллар болады деп болжады. Әлем сарапшылары келер жылы мұнай бағасы 50-40 долларға  дейін түседі деп отыр. Демек біз үшін дағдарысқа төтеп беретін мықты жобаларды ойластыруға тура келеді», - деді Дәурен Арын.

Қарлығаш Зарыққанқызы

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Оқушылардың жағдайы қалыпты, іс қатаң бақылауға алынды
    23/01 00:04 0 87
    2
    Әлімғазы Райымбеков, қазақтың Тайлағы: Ұят болса да ата дәстүрге қарсы шықтым
    22/01 16:51 0 1523
    3
    Бозымбаев бензиннің неге арзандап жатқанын түсіндірді
    22/01 16:37 0 279
    Жәнібек Әлімханұлы үш мықтыға сес көрсетті
    22/01 16:20 0 1959
    Қазақстан Венесуэланың кебін кие ме?
    22/01 14:53 0 556

    Таныстырылғандар

    Қазақстандық боксшы Нұрсұлтанов мексикалықты нокаутқа түсірді
    Қазақстандық боксшы Нұрсұлтанов мексикалықты нокаутқа түсірді
    Қазақстандық боксшы Нұрсұлтанов мексикалықты нокаутқа түсірді
    Әшкеев пен Нұрсұлтановтың мүдделерін америкалық Main Events промоутерлік компаниясы мен менеджер Эгис Климас қорғайды
    Аудио тыңдау
    12/01/2019 11:51 0 1106
    Түрік профессоры: Түркі әлемін түртіп оятқан «Оян» мотивінің авторы – Міржақып Дулатұлы (видео)
    Түрік профессоры: Түркі әлемін түртіп оятқан «Оян» мотивінің авторы – Міржақып Дулатұлы (видео)
    Түрік профессоры: Түркі әлемін түртіп оятқан «Оян» мотивінің авторы – Міржақып Дулатұлы (видео)
    Түркиялық телеарналардың бірінде түрік профессоры түркі халықтарындағы "Оян" мотиві туралы пікір білдірд
    Аудио тыңдау
    12/01/2019 17:19 0 4883
    "Алтын сейф" қайда сақталады?
    "Алтын сейф" қайда сақталады?
    "Алтын сейф" қайда сақталады?
    1930 жылдары әлемнің көптеген елдері өздерінің алтын қорларын АҚШ-қа сақтауға берген.
    Аудио тыңдау
    14/01/2019 09:11 0 1142
    Өлә-ә! «Зың» Ғабидолла «Вау» Ғабидоллаға айналды (видео)
    Өлә-ә! «Зың» Ғабидолла «Вау» Ғабидоллаға айналды (видео)
    Өлә-ә! «Зың» Ғабидолла «Вау» Ғабидоллаға айналды (видео)
    «Мы же смотрим и говорим – вау, Каждый человек хочет в жизни – вау»
    Аудио тыңдау
    14/01/2019 12:09 0 2109
    Бүгіннен бастап Алматыда асықпай 60-пен жүретін боламыз
    Бүгіннен бастап Алматыда асықпай 60-пен жүретін боламыз
    Бүгіннен бастап Алматыда асықпай 60-пен жүретін боламыз
    Алматының Саин және әл-Фараби көшелерінде сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүруге болмайды.
    Аудио тыңдау
    14/01/2019 15:34 0 945
    Азық-түліктің  сапасы нашарлап,  бағасы көтерілген. Үкімет қайда қарап отыр?
    Азық-түліктің сапасы нашарлап, бағасы көтерілген. Үкімет қайда қарап отыр?
    Азық-түліктің сапасы нашарлап, бағасы көтерілген. Үкімет қайда қарап отыр?
    Соңғы жылдары мектептердің асханаларында, көшедегі тамақ сататын орындардан уланып жатқандар, тіпті өліп қалғандар болды.
    Аудио тыңдау
    15/01/2019 16:02 0 677
    Қазақстандағы депозит қарапайым халыққа емес, банкке ғана тиімді
    Қазақстандағы депозит қарапайым халыққа емес, банкке ғана тиімді
    Қазақстандағы депозит қарапайым халыққа емес, банкке ғана тиімді
    Сақтап көбейтіп бер деп банкке салсаң пайызы аз. Несие алсаң пайыз көп.
    Аудио тыңдау
    16/01/2019 11:13 0 1515
    Еркектің сорлысы жер қориды
    Еркектің сорлысы жер қориды
    Еркектің сорлысы жер қориды
    Үйдегі ұрыс-керіске көбіне кім кінәлі: қыңыр еркек пе, айтқанынан қайтпайтын әйел ме?
    Аудио тыңдау
    17/01/2019 12:54 0 2032
    Шетелдіктер бізді жарылқамайды. Шикі уранды шетке жібере беруді тоқтату керек
    Шетелдіктер бізді жарылқамайды. Шикі уранды шетке жібере беруді тоқтату керек
    Шетелдіктер бізді жарылқамайды. Шикі уранды шетке жібере беруді тоқтату керек
    Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың мәліметінше, 2020 жылға қарай әлемде жұмыс істеп тұрған 463 атом электор стансаларынан бөлек, 184 қосымша АЭС салынады
    Аудио тыңдау
    18/01/2019 10:23 1 829
    Димаш: Интернеттегі дауыс  беру ешнәрсені де шешпейді
    Димаш: Интернеттегі дауыс беру ешнәрсені де шешпейді
    Димаш: Интернеттегі дауыс беру ешнәрсені де шешпейді
    Ерекше дауыс иесі Димаш Құдайбергенов өзінің Instagram парақшасында осыған қатысты пост жариялады
    Аудио тыңдау
    18/01/2019 10:46 0 608
    Қазақстандықтар 11  айда шетелге $7 млрд аударған
    Қазақстандықтар 11 айда шетелге $7 млрд аударған
    Қазақстандықтар 11 айда шетелге $7 млрд аударған
    Ал келіп түсетіні 2 миллиардқа да жетпейді.
    Аудио тыңдау
    19/01/2019 11:28 0 614
    Биыл қазақстандықтарға бір тиынды екі тиын ету аса маңызды
    Биыл қазақстандықтарға бір тиынды екі тиын ету аса маңызды
    Биыл қазақстандықтарға бір тиынды екі тиын ету аса маңызды
    Маман жұмыс істейтін айлық табысы бар қызметкерлерді үнемшіл болуға шақырып отыр.
    Аудио тыңдау
    21/01/2019 10:23 0 716
    Беларусь оппозициясы: Ресей бізді жұтып қояды
    Беларусь оппозициясы: Ресей бізді жұтып қояды
    Беларусь оппозициясы: Ресей бізді жұтып қояды
    Мұндай қадам орын алған жағдайда Ресей Белоруссияны жұтып қояды.
    Аудио тыңдау
    22/01/2019 12:23 0 422
    Қазақстан Венесуэланың кебін кие ме?
    Қазақстан Венесуэланың кебін кие ме?
    Қазақстан Венесуэланың кебін кие ме?
    Сарапшылар Венесуэлаға саяси дағдарыстың XXI ғасырдың басында келгенін айтады
    Аудио тыңдау
    22/01/2019 14:53 0 556
    Жәнібек Әлімханұлы үш мықтыға сес көрсетті
    Жәнібек Әлімханұлы үш мықтыға сес көрсетті
    Жәнібек Әлімханұлы үш мықтыға сес көрсетті
    Жәнібек жұдырығын білеп отырғандар дүние жүзінің чемпиондары: Саул Альварес, Дэниел Джейкобс, Деметриус Андраде.
    Аудио тыңдау
    22/01/2019 16:20 0 1959