• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:59:34
Алматы
+35°

19 Желтоқсан, 2018 NEWS

Кедейлерге "көктен ақша жаудырған" бизнесменді полиция ұстады

Бұдан бұрын белгісіз ер адам аудан тұрғындарынан «аспаннан ақша жауады дегенге сенесіздер ме?» деп сұраған екен

Гонконг полициясы қаланың кедей ауданына ақша шашқан бизнесменді қамады. Бұл туралы  South China Morning Post хабарлады.

Бұдан бұрын белгісіз ер адам аудан тұрғындарынан «аспаннан ақша жауады дегенге сенесіздер ме?» деп сұраған екен. Алайда ғажайыпқа сенбейтін кедейлерді көрген 24 жастағы бизнесмен ғимараттың жоғарғы қабатына шығып, терезеден ақша шашқан. Тұрғындар жапа-тармағай ақшаға қарай жүгіреді.

Ер адам осындай қайырымдылығы арқылы өз кәсібіне жарнама жасауды да ниет еткен. «Көктен шашылған» қаражаттың нақты мөлшері белгісіз, полиция қызметкерлері небәрі 800 АҚШ долларын жинаған. Бүгінде кәсіпкер қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен қамауда отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір