• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:14:45
Алматы
+35°

03 Ақпан, 2018 Саясат

«Kazakh Invest» Басқарма Төрағасы ҚХР-дың Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Кездесу барысында тараптар «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі инвестициялық әріптестік сұрақтарын талқылады.

Астанада «Kazakh Invest» Басқарма Төрағасы Сапарбек Туякбаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі Ханьхуэй Чжано мырзамен кездесті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында тараптар «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі инвестициялық әріптестік сұрақтарын талқылады.

Қытай Қазақстанның қабылданған 2018 – 2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегиясына сәйкес, инвестицияларды тартуға арналған басымдықты шет елдері тізіміне кіреді. Ынтымақтастықтың индустриалды-инвестициялық бағдарламасы жалпы сомасы $ 27 млрд. доллардан астам 51 жобадан тұрады.

Тараптар кездесу барысында, Қазақстанның Қытай үшін Орталық Азиядағы ірі сауда серіктесіне және Еуразия аймағындағы инвестициялар салатын ірі объектісіне айналғанын атап өтті. Ляньюньган қытайлық-қазақстандық логистикалық терминалы, Қазақстанға Азия-Тынық мұхит аймағына теңізге шығатын орынға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Қазақстанның темір жолдары Қытайдың Еуразиялық трансконтиненталдық дәлізіне кіруіне мүмкіндік береді.

«Бір белдеу, бір жол» жаңа бағдарламасы» Қазақстандағы шетелдік инвесторларға үлкен перспективалар ұсынады. Біз инфрақұрылымдық жобалар, шикізаттық емес сектор шеңберінде іс жүзіндегі өзара қарым-қатынасты күшейтуге ниеттіміз», - деп атап өтті «Kazakh Invest» басшысы Сапарбек Туякбаев.

ҚХР ҚР Елшісі Ханьхуэй Чжан өз кезегінде қытай компанияларының қазақстан нарығындағы іскерлік белсенділіктерінің ауқымының кеңеюіне мүдделілігін көрсетті.

Қытайлық инвестициялардың негізінен, жеңіл өнеркәсіп, жаңа технологиялар, халық тұтынатын тауарлары өндірісі, металлургия, мұнай мен газды өңдеу, химия өнеркәсібі, машина құрастыру, энергетика, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу, көлік және логистика тәрізді салаларға тартылатынын айта кету қажет.

Жобалар негізінен экспортқа бағдарланған өнімдер өндірісіне бағытталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір