• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:38:07
Алматы
+35°

"Каз Мұнайды" алғаны,
Қазбаңа қолды салғаны.
Қорғасты "қоршап" алғаны,
Қойныңа қолды салғаны.
Ақтөбеге келіп тұрғаны,
"Қақ Төбеңнен" ұрғаны!
Ақтоғайды алғаны,
Тұрақтап сонда қалғаны.
51 зауыт бергені,
51 000 қытай келгені.
Елу жылдан соң ең көбі,
Қытайлар болар елдегі.
Қызыңды алар қатын қып,
Газыңды жағар отын ғып.
Жезіңді сатар пұл қылып,
Өзіңді алар құл қылып.

Алматыңа қаптауы,
Жеріңді жалдап,таптауы.
Жастарды тегін оқытып,
Қытайша баптауы.
Темір жол салып төтеден,
Европаға аттауы.
Миллиярдтап беріп қарызды,
Арқаға қағып қулықпен,
Бөспе билікті мақтауы-
Осының тұр артында,
Құрулы құрсау қақпаны!

Ойлан, Қазақ! Мақтанба!
Ақылға кел,сақтанда!
Түсіп қалып қақпанға,
Салып жүрме аттанға!

Аймұханбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір