• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:51:36
Алматы
+35°

11 Қазан, 2017 NEWS

Каталония басшысы тәуелсіздік декларациясына қол қойды

Тәуелсіздікті қолдайтын партия депутатттары да құжатқа қол қойды.

Каталония үкіметінің басшысы Карлес Пучдемон мен оның орынбасары Ориол Жункерс, сондай-ақ парлмаент спикері Карме Форкадель тәуелсіздік туралы декларацияға қол қойды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталының мәліметіне сүйеніп.

Тәуелсіздікті қолдайтын партия депутатттары да құжатқа қол қойды.

Парламентте сөйлеген Пучдемон 1 қазанда өткен сайлау қорытындысы тәуелсіз мемлекет құруға мүмкіндік беретінін мәлімдеді, алайда егемендікті жарияламас бұрын Мадридпен келісімге келуге шақырды.

Өз кезегінде Испания билігі Каталония басшысының мәлімдемесіне қарсы шықты. Испания үкімет басшысының орынбасары Сорайя Саэнс де Сантамарияның айтуынша, женералитет басшысының сөзі – өзінің кім екенін, қайда және кіммен барарын білмей жүрген адамның сөзі, әрі тұрақсыздықтың айқын көрінісі.

11 қазанда Испания министрлер кеңесінің шғыл отырысы өтпек.

Айта кетейік, 1 қсзанда Каталонияда тәуелсіздік туралы референдум өтті. Алайда испан билігі аталмыш рефрендумды мойындамай отыр. Испания королі Фелипе VI Каталония үкіметін айыптап, әрекеттерін «Испания татулығын бұзушылыққа» балады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір