• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:36:17
Алматы
+35°

14 Қыркүйек, 2018 Саясат

"Каспий конвенциясы үлкен дауға ұласуы мүмкін"

Бұл аймақта геосаяси ойындар басталып кеткені рас па? Рас болса, бұған кім себепші болуда?

«Еуразия пікірсайыс» клубының басқосуы «Каспий 2018: әрі қарай не болмақ?» атты тақырыпқа арналды. Шараға шақырту алған сарапшылар осы мәселе төңірегіндегі ой-пікірін ортаға салды.

Профессор Болат Сұлтановтың айтуынша, Каспий маңы елдерінің басшылары қабылдаған конвенцияны Конституцияның дәрежесіне теңеуге болады.

«Конвенция аясында қабылдаған талаптарды Каспий маңы елдерінің барлығы мүлтіксіз, шалыс баспай қатаң орындауы қажет» дейді ол. Дегенмен, құжаттағы барлық талап-шарттары мүлтіксіз орындалады деген күдікпен қарайтынын жасырмады.

«Болашақта осы құжатқа үлкен қысым жасалуы мүмкін.  Осы құжат айналасында талай талас-тартыс туындауы ғажап емес. Себебі, Каспий әуелден геосаяси маңызы бар аймақ», – деген пікір білдірді Болат Сұлтанов.

Оның айтуынша, осы құжатқа қол қойылардың алдында Ресейдегі БАҚ «Қазақстандағы Ақтау және Құрық порттарында АҚШ-тың әскери базалары орналасатын болады» деген өтірік ақпарат таратты.

 Осылайша Мәскеу Каспий саммиті қатысушыларына қысым жасамақшы болды.

Өз кезегінде саясаттанушы Айгүл Омарова осы конвенцияға қол қоярдың алдында Иран президенті Каспийдің жағасында ешқандай әскери базаның болмайтынын айтқанын мысалға келтірді. 

«Конвенцияның кейбір тармақтары АҚШ-тың Каспий арқылы әскери жүк транзитін жүргізетіні туралы келісімшартқа қайшы емес пе осы? Соны түсінбедім.

Сонымен қатар осы аймақта құбыр жүргізу үшін бес елдің барлығынан рұқсат сұрау міндетті болмайтыны белгілі болды. Бұл арада да асығыстық бар сияқты.

Түркменстан мен Әзірбайжанның арасында құбыр жүргізілсе, бұл Каспий аймағы маңыңдағы барлық елдерді жанап өтеді. Себебі, мұндай жағдайда экологиялық қауіп туындауы мүмкін» деді ол. 

Ал профессор Рустам Бурнашевтың пікірінше, бұл конвенцияның мақсаты мен міндеті әлі де болса айқындалмады.

«Олар ертеңгі күні қызу талас туғызуы мүмкін. Мұның арты үлкен дауға ұласуы да ғажап емес. Әсіресе, әскери мәселелерге келгенде ұстанымдар нықталған жоқ.

Екіншіден, бұл конвенция Каспий маңы елдерінің саясатының айқындайтын жалғыз құжат емес. Осы уақытқа дейін Каспийге қатысты, оның экологияны, инфрақұрылымына қатысты қыруар құжат қабылданды. Мәселе олардың орындалуында» деді ол.  

 «Орталық Азия» журналы бас редакторының орынбасары  Евгений Пастухов бұл ретте:  Меніңше Конвенция туралы айтқанда, «осы құжатқа қол қойған қай ел шын мәнісінде ұтты?» деп ойланған жөн сияқты.

Бұл тарапта бірқатар басылымдар бұл құжаттың Қазақстан үшін тиімді болғанын тілге тиек етуде.

«Қазақстан осы Конвенция нәтижесінде Каспийдің 30 пайызына және балық қорының ең үлкен бөлігіне ие болды» дейді олар.

Енді бірі «бұл Конвенция әскери және қауіпсіздік саласында Ресей мен Иран үшін аса тиімді құжатқа айналды» деген пікір білдіруде.

Үшінші бір тарап бұл құжат Әзірбайжан мен Түркіменстан үшін тарихи құжатқа айналғанын жарыса жазуда. Осы конвенцияның арқасында бұл елдерінің өздерінің экономикалық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алмақ.

Қалай болғанда да бұл Конвенция тарихи әрі табысты құжат болды.

Алайда көптеген мәселенің басы ашық қалды. Өз басым бұл құжатқа, анығы оның осы түрінде оған Ресей мен Иранның қол қойғанына таң қалдым. Мұның қандай себебі бар?

Жалпы Каспий өңірінде қандай өзгерістер болып жатыр? Бұл аймақта геосаяси ойындар басталып кеткені рас па? Рас болса, бұған кім себепші болуда? Мені осы мазалайды» деген ойын ортаға салды.

Аяулым Шаймардан

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір