• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:49:11
Алматы
+35°

04 Қараша, 2018 NEWS

Kaspi банктің банкрот болғаны рас па? (видео)

Kaspi банктің баспасөз хатшысы Ербол Азанбек халық арасында тараған банк туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Kaspi банктің баспасөз хатшысы Ербол Азанбек әлеуметтік желі арқылы тараған банк туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. 

"Kaspi банкрот болады, ақшаларыңды алыңдар деген аудио хабарлама өтiрiк. Банк басшылары орнында. Банкте еш мәселе жоқ. Алдағы апта жаңа өнімдерді таныстыруға дайындалудамыз.  Жалған ақпаратқа сенбеңіз. Кез-келген мәселені жасырмай айтатынымызды білесіздер. Ресми түрде бізде бәрі дұрыс екенін хабарлаймын. Алаңдамаңыздар. Демалыстарыңыз сәтті өтсін", деп жазады Ербол Азанбек өзінің фейсбук парақшасына. 

Айта кетсек, Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы Kaspi банктің банкрот болғаны туралы ақпарат тараған. 

"Kaspi банк ресми түрде банкрот болғанын хабарлады. Бірақ әзірге жариялаған жоқ. Басшылардың барлығы елден қашып кетті. Ақшаларыңызды 2 сағаттың ішінде шешіп алыңыздар", делінген хабарламада. 

Әзірге аталмыш ақпаратты кімнің таратқаны белгісіз. 

Еске сала кетсек, 16-17 қараша аралығында Kaspi жұма науқаны өтеді. 

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір