• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:30:28
Алматы
+35°

10 Қараша, 2018 NEWS

Kaspi Bank туралы ақпарат таратқан адам ұсталды

Kaspi Bank туралы хабарлама таратқан адамның есімі аталмай отыр.

Алматы қалалық ішкі істер департаменті Kaspi Bank-тің банкрот болғанын айтып Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы хабар таратқан адамды ұстады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы полициясының мәліметінше, жалған ақпарат таратқан басқа да адамдар іздестірілуде.

Kaspi Bank туралы хабарлама таратқан адамның есімі аталмай отыр. Оның  35 жастағы Астана тұрғыны екені белгілі.

Естеріңізге сала кетейік, Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы мынадай ақпарат тараған: "Kaspi банк ресми түрде банкрот болғанын хабарлады. Бірақ әзірге жариялаған жоқ. Басшылардың барлығы елден қашып кетті. Ақшаларыңызды 2 сағаттың ішінде шешіп алыңыздар".

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір