• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:59:34
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2019 Спорт

Кәсіпқойлар қақтығысы. Үздік ондықтағы кімдер?

қазірігі таңда кәсіпқой рингте  68 қазақстандық боксшы жұдырықтасып жүр

Соңғы жылдары еліміздің көптеген боксшылары кәсіпқой рингке өтті. Боксшылардың рейтингін жариялап отыратын boxrec.com сайтының мәліметіне сүйенсек, қазірігі таңда кәсіпқой рингте  68 қазақстандық боксшы жұдырықтасып жүр. Qamshy.kz ақпарат агенттігі сол 68 боксшының арасынан үздік ондықтың тізімін ұсынады.

1. Генадий Головкин

 

38 жеңіс

1 жеңіліс

1тең нәтиже

             

 

       

Қазақстандық боксшылардың көшін бастап тұрған Г.Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін  2018 жылдың 16 қыркүйегінде мексикалық Сауль Альвареске қарсы өткізіп, жеңіліп қалған еді. Жуырда ғана жеке бапкері  Абель Санчеспен келісім-шартын бұзған ол кезекті жекпе-жегін 9 маусымда өткізуді жоспарлап отыр. Қарсыласы кәсіпқой бокста әлі жеңілмеген канадалық Стив Роллс болмақ.

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Батыржан Жүкембаев

15 жеңіс

0 жеңіліс

0 тең нәтиже

Кәсіпқой рингтегі жекпе-жектерін Канадада өткізетін Батыр Жүкембаев қазақстандық кәсіпқой боксшылардың арасында екінші орында келеді. Осы уақытқа дейін 15 рет жеңіске жеткен Батыр келесі кездесуін де Канаданың Монреаль қаласында өткізеді. Дәл қазір Жүкембаев жартылай орта салмақтағы 1680 боксшының арасында 28 орында тұр.

  1. Нұрзат Сабиров

9 жеңіс

0 жеңіліс

0тең нәтиже

 

Шымкент бокс мектебінің түлегі Нұрзат Сабиров 2017 жылдан бері кәсіпқой бокста сынға түсіп жүр. Кәсіпқойлар арасында 9 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен Сабиров келесі кездесуін 29 маусымда өткізуді жоспарлап отыр. Әзірге қарсыласы белгісіз.

  1. Бейбіт Шүменов

18 жеңіс

2жеңіліс

0тең нәтиже

 

 

       
 

Шымкент бокс мектебінің тағы бір түлегі Бейбіт Шүменов 4 орында. Ол 2018 жылдың 7 шілдесінен бастап рингке шықпады. Соңғы кездесуінде ол түрік боксшысы Хизни Алтункаяны жеңіп, ауыр салматағы WBA Regular тұжырымының вакантты чемпионы атанған болатын.

  1. Нұрсұлтан Жанабаев

7 жеңіс

0 жеңіліс

0 тең нәтиже

Тараздық Н.Жанабаев қазақстандық боксшылардың арасында 5 орында келеді. Ол соңғы жекпе-жегінде тәжірибелі венесуалық боксшы Иван Матудты техникалық нокаутпен жеңген болатын. 

  1. Садриддин Ахмедов

8 жеңіс

0 жеңіліс

0 тең нәтиже

Әуесқой бокста жүрген кездің өзінде жойқын соққыларымен танылған Садриддин Ахмедов кәсіпқойлар арасында да жойқын жұдырығымен талай мықтының мысын басты. Соңғы рет 24 сәуірде Алматыда өткен бокс кешінде индонезиялық боксшы Джон Рубаны ұтып, WBC ASIA белбеуін иемдеген Ахмедов келесі кездесуін 29 маусымда өткізуді  жоспарлап отыр. Алайда, қарсыласы әлі белгісіз.

  1. Айдос Ербосынұлы

11 жеңіс

0 жеңіліс

0 тең нәтиже

 

 

       
 

Рейтингтің келесі сатысында Айдос Ербосынұлы тұр. Супер орта салмақта жұдырықтасатын жаркенттік боксшының қоржынында  WBC Asia, WBO Global белбеулері бар болатын. Ал 24 сәуірде Алматыда өткен бокс кешінде  намбиялық боксшы Лукас Ндафолуманы жеңген Ербосынұлы WBA International  белбеуінің де вакантты чемпионы атанды.

  1. Әли Ахмедов

 

14 жеңіс

0 жеңіліс

0 тең нәтиже

 

 

       
 

 Айдос Ербосынұлымен бір салмақта жұдырықтасатын Әли Ахмедов 8 орында тұр. Осы күнге дейін 14 рет жеңіске жеткен Ахмедов кезекті жекпе-жегін 8 маусымдағы Головкин – Роллас кездесуінің антеркардында америкалық  боксшы Абрахам Ханға қарсы өткізеді.

  1. Жәнібек Әлімханұлы

 

6 жеңіс

0

жеңіліс

0 тең нәтиже

 

 

       
 

Әуесқой бокста әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста да сол биікті бағындыруды көздейді. Әзірге Әлімханұлы қазақстандық кәсіпқой бокс шеберлерінің арасында  9 сатыда.  Генадий Головкинмен бір салмақта жұдырықтасатын Әлімханұлында  WBO Global және WBC Continental Americas белбеулері бар.

  1. Бобыржан Момынов

10 жеңіс

0 жеңіліс

0 тең нәтиже

Үздік ондықты жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Бобыржан Момынов түйіндеп тұр. Шымкенттік боксшы 2016 жылдан бері кәсіпқой бокста жүр. Шаршы алаңға 10 рет шығып, барлығында жеңіске жеткен.

 

Мият Кәшібай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір