• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 19:11:12
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2018 NEWS

Кәсіпорынның үздік қызметкерлері БАӘ, Түркияға жолдамамен марапатталады

Мұрат Хизметов Кәсіпорынның үздік қызметкерлері Түркия, Араб Әмірліктеріне жолдамамен марапатталатынын айтты

Мұрат Хизметов Кәсіпорынның үздік қызметкерлері Түркия, Араб Әмірліктеріне жолдамамен марапатталатынын айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы көпір құрылмалары зауыты директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Мұрат Хизметов баяндады.

Оның айтуынша, «Алматы көпір құрылымы зауыты» ЖШС 1963 жылы құрылған және бүгіндері Республикамызда жол-құрылыс саласындағы жүйе түзуші кәсіпорын болып табылады.

Кәсіпорын 500-ден аса қызметкер еңбек етіп келеді. Замануи материалдық база арқасында «АЗМК» ЖШС елеулі өндірістік жетістіктерге жету мүмкіндігіне ие болды. Біздің қызметкерлеріміздің денсаулығы зауыт басшылығының басты назарында тұрған мәселе. Сондықтан да, әлеуметтік салаға ерекше назар бөлінеді. Жыл сайын осы мақсатта біз 60 млн. теңгеден астам қаражат бөліп келеміз,-деді ол өз сөзінде.

Кәсіпорында өз медициналық орталығымыз қызмет етеді. Жыл сайын кәсіпорын есебінен профилактикалық медициналық тексерулер өткізіледі. Әр қызметкерге медициналық карта ашылған және кәсіпорынның медициналық қызметкерлері әрбір жұмыскерімізді сауықтыру бойынша үлкен профилактикалық жұмыстар жүргізіп отырады,-деп хабарлады.

Оның ақпаратынша, ұызметкерлерге қамқорлық көрсетуге қарай, адам денсаулығына қажет барлық жағдайлар жасалған. Жұмыс беруші мен еңбек ұжымы арасында қарым-қатынасты реттеуші 12 бөлімнен тұратын ұжымдық шарт жасалған. 

Зауыт асханасы жұмыскерлерді калориясы жоғары тағамдармен қамтамасыз етеді. Ұжымдық шартқа сәйкес түскі астың 50%-ын кәсіпорын төлейді.

Шаштараз қызмет көрсетеді. Әйелдер және ерлердің шаштарын қысқарту бойынша шебер жұмыс істейді. Жұмыскерлерге қызмет көрсететін дүкен жұмыс жасайды. 

Тренаржерлары бар, саунасы мен бассейні, демалыс бөлмесі мен фитобары бар фитнес клуб қызмет көрсетеді. Жаттығуды кәсіби нұсқаушы жүргізеді. 

Қызметкерлерімізбен арада, олардың еңбек демалыстары кезінде еліміздегі шипажайларда демалуына шарттар жасалған,-деп сөзін толықтырды. 

Кәсіпорынның үздік жұмыскерлері Түркия, Араб Әмірліктеріне жолдамалармен марапатталып, ынталандырылады. Соңғы 2 жылда туристік жолдамамен біздің 46 қызметкеріміз демалып келді, ал өткен жылы 35 қызметкеріміз қарқынды дамып келе жатқан еліміздің бас қаласы – Астанаға демалыспен барып қайтты.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өтетін «Асыл Алма» қалалық байқауының қорытындысы бойынша «АЗМК» ЖШС «Кәсіпорында салауатты өмір салтын сақтауға жағдай жасайтын үздік жұмыс беруші» номинациясында екі жыл қатар 1-орынға ие болатындығын атап айтты ол.

Кәсіпорында жыл сайын өткізілетін диагностика барысында әлеуметтік дерттердің бірі болып табылатын «туберкулез» кәсіпорын жұмыскерлері арасында айқындалған жоқ. 

Біз, Қазақстанда аталған сырқатты диагностикалау мен емдеуге бюджеттен ауқымды қаражат бөлінетіндігін және бұл бағытта бірегей бағдарлама жұмыс істейтінін білеміз,-деп сөзін аяқтады М.Хизматов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір